"Шет ауданында әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" Шет ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 ақпандағы N 02/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 4 маусымдағы N 14/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 шілдеде N 8-17-137 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шет ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 ақпандағы N 02/01 "Шет ауданында әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде N 8-17-131 болып тіркелген, 2012 жылғы 22 наурыздағы N 12 (10.373) "Шет шұғыласы" аудандық газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      қаулының 1 тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Ж. Қауымбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шет ауданының әкімі                        Р. Әбдікеров

      Келісілді:

      Шет ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы Б. Бекенов
      08.06.2012 жыл

      Шет ауданының қаржы
      бөлімінің бастығы А.Д. Құлшықов
      08.06.2012 жыл