"Жануарға ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiн бекiту туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қарашадағы N 309 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 26 желтоқсанда N 2071 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы N 377 қаулысымен

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес және мемлекеттік меншікті тиімді басқару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Астанақалажобалау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жарғылық капиталындағы Астана қаласының коммуналдық меншігінде тұрған 100 пайыз мөлшеріндегі мемлекеттік қатысу үлесі заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылдансын.
      2 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
      2) осы қаулының 1-тармағында және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралар аяқталғаннан кейін, осы қаулының  1-тармағында көрсетілген серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесін «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов