Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 ақпандағы N 41 қаулысы. Жамбыл облысы Шу ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 15 наурызда 6-11-122 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 239 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 25.04.2016 № 239 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 - бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шу ауданындағы меншік нысандарының барлық ұйымдарында, кәсіпорындарында және мекемелерінде жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дәмеш Чайхықызы Ускумбаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі І. Тортаев