Қаратал ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 69 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 02 қазандағы N 266 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 19 қазанда N 2150 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 300 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 13.09.2016 № 300 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-6) тармақшасына сәйкес, интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшiн аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік құқығына қарамастан, Қаратал ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерде квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Дүйсембінов
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қаратал аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Амандосов