Алакөл ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұсмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес пайыз жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі N 3-6 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 14 мамырда N 2-5-172 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 05 желтоқсандағы N 10-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 03.10.2013 N 298 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, 29-бабы 67-тармақтарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 8-бабы 4-тармағына сәйкес, үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалардың білім алу кезеңінде жергілікті бюджеттен Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес есе мөлшерінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы болып белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары И.Болысбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі                        С. Сермағамбетов