Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 198 "2012-2014 жылдарға арналған Байғанин ауданының бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 8 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 ақпанда № 3-4-140 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 мамырдағы № 04-13/76 хаты)

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Банктің не банк холдингінің еншілес ұйымдарына, банк, не банк холдингі қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі банк конгломераты бас ұйымының, банктің немесе банк холдингінің акциялары үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиынтық үлесі:
      банктің еншілес ұйымының не банк холдингінің, сондай-ақ банктің не банк холдингінің капиталына қомақты қатысатын ұйымның меншікті капиталы мөлшерінің 10 (он) пайызынан;
      банк конгломератының бас ұйымының, банктің немесе банк холдингінің орналастырылған (артықшылықты және сатып алынғандарды қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) 10 (он) пайызынан аспауы тиіс деп белгіленсін.
      2. Банктердің еншілес ұйымдары, сондай-ақ банктің не банк холдингінің капиталына қомақты қатысатын ұйымдары 2013 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде өз қызметін осы қаулыда белгіленген талаптарға сәйкес келтірсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы                                  Г. Марченко