Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № С-45/6 "Көкшетау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № С-10/7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 23 қазанда № 3476 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 6 қаңтардағы № С-33/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 06.01.2015 С-33/3 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1.Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № С-45/6 «Көкшетау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-143 тіркелген, 2011 жылғы 5 мамырдағы № 18 «Көкшетау» газетінде және 2011 жылғы 5 мамырдағы № 18 «Степной маяк» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Аталған шешіммен бекітілген «Көкшетау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің:
      1 тармағы келесі мазмұндағы 6 азат жолмен толықтырылсын:
      «жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құны төленеді»;
      1 тармақтың 7 азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшiн жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге жеткiзушi ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi»;
      4 тармақтың 1 азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «4. Тұрғын үй көмегі аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) әр тоқсан сайын тағайындалады. Есептеулер ағымдағы тоқсанда жүргізіледі, ал отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады»;
      5 тармақ келесі мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот»;
      6 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
      9 тармақтың 2 азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерін тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің жеке өтінішіне сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады». Тұрғын үй көмегі төлемдері коммуналдық қызметтердің жеткізушілеріне жіберіледі. Телефон үшін өтемақы, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға шығатын шығындардың өтемақысы, отын (көмір) құнының шығындарына өтемақы, бір фазалық есептеуіштің құны өтініш берушілердің «Қазпочта» АҚ немесе екінші деңгейлі банктердегі жеке шотына аударылады».
      2. Осы құқықтық қатынастар 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап туындайды және 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Бесінші шақырылған Көкшетау
      қалалық мәслихатының
      10 сессияның төрайымы                      Р.Арыстанқызы

      Бесінші шақырылған
      Көкшетау қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Б.Бегалин

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Көкшетау қаласының әкімі                   М.Батырханов