Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығын қараңыз.
«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 5 және 6-баптарына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 15-4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметі
2012 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1556 қаулысымен
бекітілген
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін
шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық,
мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп
өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына
емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер берудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті атқарушы орган – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы; аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) жергілікті атқарушы органдар;
2) машиналар - тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар;
3) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәлік (бұдан әрі – куәлік) – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бірыңғай нысандағы машиналарды жүргізуге тракторист-машинистерді жіберуді растайтын ресми құжат болып табылатын тракторист-машинистің куәлігі;
4) қатаң есептегі бланкілер мен нөмірлік белгілердің келіп түсуін және жұмсалуын есепке алу кітабы – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес куәлік бланкілерінің келіп түсуін және жұмсалуын есепке алуды қамтитын құжат;
5) емтихан материалдары – емтихан билеттері немесе емтихан тестілері;
6) өтініш беруші – осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен емтихан тапсыруға және куәлік алуға өтініш беруші тұлға;
7) тiркеу құжаты – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы № 681 қаулысымен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналарын, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес машинаның жол қозғалысына қатысуға және пайдалануға жіберілгенін растайтын, машинаға арналған ресми құжат болып табылатын техникалық паспорт.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін емтихан пункттері ретінде жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшілері түсініледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Емтихан пункттері теориялық емтиханды қабылдауды, куәлік беруді және айырбастауды, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
5. Барлық машиналар түрлеріне, белгіленуіне және оларды жүргізу ерекшеліктеріне байланысты «А», «Б», «В», «Г», «Д» санаттарына бөлінеді, оларды жүргізу құқығына тиісті бағандарында рұқсат белгілері қойылған бірыңғай куәлік беріледі.
6. Куәлік Қазақстан Республикасының барлық аумағында машиналарды жүргізу құқығын береді.
7. «А», «Б», «В», «Г», «Д» бағандарында рұқсат белгілері қойылған куәлігі бар тұлғалар мыналарды:
1) «А» - класы 30 килоНьютонға дейінгі (3,0 тартылыс күші) доңғалақты тракторларды;
2) «Б» - класы 30 килоНьютоннан жоғары (3,0 тартылыс күші) доңғалақты тракторларды;
3) «В» - шынжыр табанды тракторларды;
4) «Г» - өздігінен жүретін ауылшаруашылық машиналарды;
5) «Д» - барлық өздігінен жүретін мелиорациялық машиналарды және жол құрылысы машиналарын, соның ішінде экскаваторларды, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары монтаждалған тракторларды жүргізе алады.
Куәлік оларға қосымша жабдықтар монтаждалса немесе агрегат құрамында (тіркеме, автопоезд) жұмыс істесе де, тиісті санаттағы машиналарды жүргізуге құқық береді.
8. Жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына «ерекше белгілер үшін» бағанында «қаршаналар, квадроциклдер жүргізуге рұқсат» деген жазуы бар куәліктер беріледі.
«Ерекше белгілер үшін» бағанында «қаршаналар, квадроциклдер жүргізуге рұқсат» деген жазуы бар куәлікті беру, «А» және «В» немесе «Б» және «В» санаттары бар куәлік болған кезде немесе «А» санатты жүргізуші куәлігі болған жағдайда емтихан тапсырусыз жүзеге асырылады.
«Рұқсат берілгені туралы белгі» бағанында «қаршаналар, квадроциклдер жүргізуге рұқсат» деген жазуы бар куәліктерді бергенде қиғаш сызығы бар мөртабан қойылады.
9. Емтихан материалдары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінде жасалады, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беру басқармаларымен келісіледі және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары бекітеді.
Емтихан материалдарына енгізуге арналған сұрақтарды агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
10. Тракторист-машинистерді даярлауды және қайта даярлауды ведомстволық бағаныстылығына және меншік нысандарына қарамастан қызметі қолданыстағы заңнамаға сай келетін техникалық және кәсіби білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
Тракторист-машинистерді даярлау білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен типтік білім беру, оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары және пәндердің оқу бағдарламалары бойынша жүргізіледі.
Тракторист-машинистерді қайта даярлау білім беру ұйымы бекіткен оқу жоспарлары және бағдарламалары бойынша жүргізіледі.
2. Емтихан қабылдау және куәлікті беру тәртібі
11. «А», «В» және «Г» санатты куәлік алу үшін өтініш беруші емтихан пунктіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқығаны туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру» біліктілігін растайтын дипломның түпнұсқасы және көшірмесі, түпнұсқа мен көшірмелер салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес медициналық анықтама (медициналық анықтама бланкілерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық мекемелері береді);
4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген куәлік бергені үшін мемлекеттік баж төленгені туралы құжат;
5) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6) көлемі 3,5х4,5 см, сол жақ төменгі бұрышы ақ немесе түрлі-түсті фотосурет;
7) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша жоғары, техникалық және кәсіптік оқу орындарын (арнайы оқу орындары, орта кәсіптік оқу орындары) бітірген тұлғаларды қоспағанда, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес білім беру ұйымының емтихан комиссиясы хаттамасының көшірмесі.
12. «Б» және «Д» санатты куәлікті алу үшін осы Қағидалардың 11-тармағының және 28-тармағы 2) тармақшасының талаптарына сәйкес болуы қажет.
13. Емтихан пунктінің жауапты орындаушысы өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактілері анықталған жағдайда емтихан пункті жауапты орындаушы өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге өтінішті қарастырудан жазбаша түрде дәлелді бас тартуды жолдайды.
Емтихан пунктінің жауапты орындаушысы өтініш берушінің құжаттарын алған күннен бастап бір жұмыс күні өткеннен кейін және емтихан пунктінің өтінішті қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартуы жоқ болса, құжаттар қабылданды деп есептеледі.
14. Барлық санаттағы машиналарды жүргізу құқығына теориялық емтиханды өтініш берілген жұмыс күндері сағат тоғыздан он алтыға дейін емтихан пункттерінде емтихан комиссиялары қабылдайды.
Тәжірибелік емтиханды білім беру ұйымы қабылдайды, ол емтихан комиссиясы хаттамасының бір данасын емтихан пунктіне, екінші данасын бітірушінің қолына береді.
Емтихан пункті тәжірибелік емтиханды қабылдауды жүзеге асырмайды, білім беру ұйымының емтихан комиссиясы хаттамасының нәтижесін басшылыққа алады.
15. Теориялық емтихан қабылдау жөніндегі емтихан комиссиясы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі басшысының бұйрығымен құрылады және кемінде үш адамнан тұрады, онда инженер-инспектор комиссия төрағасы болып табылады.
Емтихан комиссиясының құрамына емтихан пунктінің қызметкерлері кіреді, бұл ретте емтихан комиссиясының құрамына емтихан тапсыратын топты даярлауды жүзеге асырған арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлері енгізілмейді.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
16. Емтихан тапсыруға осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынған тұлғалар жіберіледі.
17. Емтихан тапсыруға жіберу және куәлік беру азаматтардың тұрақты тіркелген тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері (уақытша тіркелген жағдайда) бойынша, сондай-ақ шетел азаматтарының келген жеріндегі ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркелуі бойынша жүзеге асырылады.
18. Емтихан компьютерлік кешенді немесе он сұрақты қамтитын емтихан материалдарын пайдалану арқылы қабылданады, бұл ретте емтихан парағында тракторист-машинистікке кандидат емтихан тапсыру күнін, билет нөмірін және сұрақтарға жауап беру нөмірлерін жазады. Барлық сұрақтарға жауап беру үшін тракторист-машинистікке кандидатқа отыз минут беріледі.
Жауаптардың дұрыстығын компьютерлік кешен береді немесе емтихан қабылдаушы тексереді.
«ТАПСЫРДЫ» деген қорытынды баға кем дегенде сегіз сұраққа дұрыс жауап берген кезде қойылады, ал керісінше жағдайда «ТАПСЫРМАДЫ» деген баға қойылады.
«ТАПСЫРМАДЫ» деген теріс баға алған жағдайда қайта емтихан қабылдау алдыңғы емтиханды тапсырған күннен бастап күнтізбелік бес күннен ерте емес мерзімде жүзеге асырылады.
Теориялық емтихан бойынша алынған «ТАПСЫРДЫ» деген баға үш айдың ішінде жарамды деп есептеледі. Көрсетілген мерзім өткен соң куәлік алу үшін өтініш беруші теориялық емтиханды қайта тапсырады.
Емтихан Жолда жүру ережелерін және оқу бағдарламаларында көзделген машиналарды пайдалану қауіпсіздігіне қатысты басқа да пәндер бойынша білімдерін тексеру мақсатында жүргізіледі.
Емтихан тапсыру нәтижелері осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес емтихан парағына енгізіледі және оған өтініш беруші мен емтихан комиссиясы қол қояды.
19. Емтихан тапсырған тұлғаларға емтихан парағының және 11-тармақта көрсетілген құжаттардың негізінде куәлік беріледі.
20. Берілген куәліктердің сериялары мен нөмірлері өсу тәртібімен осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес куәліктерді беру кітабына, сондай-ақ оқығаны туралы куәлікке жазылады.
21. Куәліктерді толтыру қолмен немесе дербес компьютерлерде орындалады.
22. Куәліктің берілу негізділігі және дұрыс толтырылуы емтихан комиссиясының төрағасы тексергеннен кейін оның қолымен және мөрмен куәландырылады.
23. Куәлік он жыл мерзімге беріледі (ол туралы «....дейін жарамды» бағандарында тиісті жазу жазылады), ол мерзім аяқталғаннан кейін осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте айырбастауға жатады.
24. Медициналық комиссия қайта куәландыру мерзіміне шектеу қойған тұлғаларға куәлік берген кезде «Ерекше белгілер үшін» бағанына «Медициналық анықтама міндетті» деген белгі қойылады.
25. Оларды жүргізуге куәліктер берілетін машиналар санаттарының бағандарына «Рұқсат етілді» деген мөртабан қойылады. Жүргізуге рұқсат берілмеген басқа машиналар санаттарының бағандарына қиғаш сызығы бар мөртабан қойылады.
26. Басқа санатты машиналарды жүргізуге рұқсат алған кезде жаңа куәлік беріліп, оған тракторист-машинистің бұрынғы куәлігіндегі бар белгілері қойылады.
27. Куәлік беруді емтихан пунктінің жауапты орындаушысы өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Куәліктер иелеріне куәліктер беру кітабына жеке қолын қоюы арқылы жеке куәлігін не оны алмастыратын құжатын көрсеткенде беріледі.
28. Машиналарды жүргізу құқығы мыналарға рұқсат етіледі:
1) он жеті жасқа толған тұлғаларға - «А», «В» және «Г» санатты көлік құралдарын жүргізуге;
2) он сегіз жасқа толған тұлғаларға - «А», «В» және «Г» санатты көлік құралдарын жүргізу өтілі он екі айдан кем болмаған жағдайда «Б» және «Д» санатты машиналарды жүргізу құқығын қосымша алады.
29. «Б» және (немесе) «Д» санаты «А», «В» және «Г» бағандарында рұқсат ету белгісі бар куәлігі болғанда (тиісті машиналарда жалпы жұмыс өтілі бір жылдан кем болмауы керек) және емтихан пунктінде теориялық емтихан тапсырған тракторист-машинистерге беріледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 34-бабында көрсетілген құжаттардың кез келгені жұмыс өтілін растайтын құжат бола алады.
30. «Ерекше белгілер үшін» бағанында «қаршаналар, квадроциклдер жүргізуге рұқсат» деген жазуы бар куәліктерді алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) рұқсат етілген «А» және «В» немесе «Б» және «В» санаттары бар куәлік түпнұсқасы және көшірмесі немесе рұқсат етілген «А» санатты жүргізуші куәлігі;
3) куәлік беру үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртек;
4) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) көлемі 3,5х4,5 см, сол жақ төменгі бұрышы ақ немесе түрлі-түсті фотосурет;
6) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі.
«Ерекше белгілер үшін» бағанында «қаршаналар, квадроциклдер жүргізуге рұқсат» деген жазуы бар куәлік беру немесе дәлелді бас тарту өтініш берушінің құжаттары қабылданған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбау бас тартуға негіз болып табылады.
31. Куәлікті ауыстыру (айырбастау) емтихан пункті құжаттарды қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде және дипломның көшірмесін, оқуды бітіргені туралы куәлікті және емтихан комиссиясының хаттамасының көшірмесін қоспағанда, осы Қағидалардың 11 және 28-тармақтарында көрсетілген талаптардың негізінде жүргізіледі.
Емтихан пунктінің жауапты орындаушысы өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда емтихан қабылдау пункті өтініш берушіге өтінішті қарастырудан жазбаша түрде дәлелді бас тартуды жолдайды.
Емтихан пункті өтініш берушіден құжаттарды алған күннен бастап бір жұмыс күні өткеннен кейін және емтихан пунктінің өтінішті қарастырудан жазбаша түрде дәлелді бас тартуы болмаған кезде, құжаттар қабылданды деп есептеледі.
32. Ескі үлгідегі куәлікті ауыстырған (айырбастаған) кезде жаңа куәлікке мынадай тәртіпті есепке ала отырып, рұқсат ету санаттары көшіріледі және қойылады:
1) ескі үлгідегі тракторист-машинист куәлігіндегі «А», «Б», «В», «Г», «Д», «Е» санаттары жаңа куәліктегі «А», «Б», «В», «Г», «Д» санаттарына сәйкес келеді;
2) 3-класты тракторист-машинист куәлігі жаңа үлгідегі «А», «В», «Г» санатты куәлігіне сәйкес келеді;
3) 2-класты тракторист-машинист куәлігі жаңа үлгідегі «А», «Б», «В», «Г» санатты куәлігіне сәйкес келеді;
4) 1-класты тракторист-машинист куәлігі жаңа үлгідегі «А», «Б», «В», «Г», «Д» санатты куәлігіне сәйкес келеді;
5) К-701 «Кировец» тракторист-машинист куәлігі жаңа үлгідегі «Б» санатты куәлігіне сәйкес келеді;
6) «комбайыншы» мамандығы көрсетілген ауыл шаруашылығы механизаторының куәлігі жаңа үлгідегі «Г» санатты куәлігіне сәйкес келеді.
7) «тракторшы» мамандығы көрсетілген ауыл шаруашылығы механизаторының куәлігі жаңа үлгідегі «А», «В» санатты куәлігіне сәйкес келеді.
Осы Қағидалардың 32-тармағында санаттары қарастырылмаған ескі үлгідегі куәліктерді айырбастауға ұсынған кезде жаңа үлгідегі куәліктердің тек тиісті сипатталған санаттарын көшірумен және қоюмен жүзеге асырылады.
33. Куәлікті ауыстырған (айырбастаған) кезде жаңадан берілген куәліктің «Ерекше белгілер үшін» деген бағанына бұрынғы куәліктің сериясы, нөмірі және берілген күні жазылады.
34. Куәлік жоғалған кезде «Телнұсқа» деген белгімен жаңа куәлік беріледі:
1) тұрғылықты жері бойынша тіркелген тұлғаларға осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген (8) тармақшадан басқа) құжаттардың негізінде өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде;
2) өтініш берушіге өтініш берген орны бойынша куәлік берілгені туралы мәлімет болмаған жағдайда, куәлік берген емтихан пунктінің куәліктер беру кітабындағы жазулар негізінде осы Қағидалардың 11-тармағының талаптарын 2) және 8) тармақшаларды қоспағанда) сақтай отырып, құжаттарды қабылдаған сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде.
Куәлік беру кітабындағы жазбаларды нақтылауды куәлік берген емтихан пунктіне сұрау салу арқылы өтініш берушінің өтініші бойынша емтихан қабылдау пункті жүзеге асырады.
Куәліктің телнұсқасы өтініште міндетті түрде ауыстыру себептері көрсетілген кезде беріледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдары куәлікті алып қойғаны немесе сот шешімінің негізінде айырылғаны анықталған, сондай-ақ осы Қағидалардың 34-тармағында көрсетілген құжаттар болмаған жағдайларда телнұсқа беру жүргізілмейді, ол туралы жазбаша дәлелді бас тарту ұсынылады.
Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
35. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың куәліктерін айырбастау емтихан пунктіне куәліктердің түпнұсқасы мен оның мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде расталған аудармасын, ішкі істер органдарында тіркелген жеке басты куәландыратын құжаттарды (паспорттары, жеке куәліктері) (түпнұсқа салыстырып тексерілгеннен кейін қайтарылады) ұсыну негізінде, медициналық куәландырудан өткеннен кейін тракторист-машинист куәлігін беру үшін мемлекеттік бажды төлегеннен және теориялық емтихандарды тапсырғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Бұл ретте тракторист-машинистің ұлттық куәлігінде рұқсат берілген машиналардың санаттарын жүргізуге құқық беретін және келу құжаттарының қолданылу мерзімінде осы Қағидалардың 7-тармағындағы талаптарға сәйкес келетін куәлік беріледі. Тракторист-машинистің ұлттық куәлігі емтихан пунктінде сақталады және иесінің өтініші бойынша бұрын берілген Қазақстан Республикасының куәлігін тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде қайтарылып беріледі.
36. Шетел азаматтарында және азаматтығы жоқ тұлғаларда тракторист-машинистің ұлттық куәлігі болмаған жағдайда, олардың Қазақстан Республикасында болу мерзімі алты айдан асатын болса, Қазақстан Республикасының куәлігі жалпы негіздерде беріледі.
37. Шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға және мемлекеттік тілді немесе орыс тілін меңгермеген тұлғаларға теориялық емтиханды білікті аудармашылардың қатысуымен тапсыруға рұқсат беріледі, олар туралы мәліметтер де емтихан комиссиясының хаттамасына енгізіледі. Бұл ретте емтиханды қабылдау ауызша әңгімелесу әдісімен жүзеге асырылады және емтихан тапсырудың уақытына шек қойылмайды.
38. Бланкілер мен нөмірлік белгілердің келіп түсуін және жұмсалуын есепке алу кітабына осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес қатаң есептілікті сақтау үшін куәліктер бланкілерінің келіп түсуі және жұмсалу есебі жазылады.
39. Емтихан пункттерін куәлік бланкілерімен қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Куәліктердің бланкілері мен жұмсалатын материалдардың болуын қатаң есептегі құжаттар ретінде осы Қағидаларға сәйкес емтихан пункттері қамтамасыз етеді.
Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
40. Толтыру кезінде бүлінген бланкілер, куәліктерді беруге және айырбастауға негіз болған шығыс материалдары қайта пайдалану мүмкіндігін жоққа шығаратын құралдармен және тәсілдермен жыл сайын жойылады, ол туралы тиісті актілер жасалады. Дәл осындай тәртіппен мыналар жойылады:
1) орнына жаңасы берілген жоғалып табылған куәліктер;
2) құқығынан айырғаннан кейін екі жыл ішінде иесі келіп алмаған куәліктер, ол туралы куәліктерді беру кітабында белгі қойылады.
41. Куәліктер беруге және ауыстыруға негіз болған материалдар (өтініштер, ескі куәліктер, алымдардың төленгені туралы түбіртектер, оқу туралы куәліктердің көшірмелері), сондай-ақ оқу топтарының тізімдері жеке іске тігіліп, белгіленген тәртіппен емтихан пункттерінде үш жылға дейін сақталады. Сондай-ақ емтихан пункттері оқу орындарындағы емтихан комиссияларының хаттамаларының және емтихан пункттерінің емтихан парақтарының он жыл, тракторист-машинист куәліктерін беру кітабы аяқталғаннан кейін оларды алпыс жыл сақтауды қамтамасыз етеді. Орнына жаңасы берілген куәліктер, оларға «Күшін жойды» деген мөртабан қойылып, іске тігіледі.
42. Заңнамамен белгіленген тәртіппен машина жүргізу құқығынан айырылған тұлғалардың куәліктері иелері тұратын аумаққа қызмет көрсететін емтихан пункттеріне тапсырылады.
43. Медициналық анықтама куәліктер берілген кезде иелеріне қайтарылады.
Қағидаларға
1-қосымша
Нысан
Тракторист-машинист куәлігі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тегі ________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесінің аты ________________________________________________________
Туған күні және жері ________________________________________________
Сериясы және нөмірі _________________________________________________
_______________________________________________________________ берді
(жергілікті атқарушы органның атауы)
Көлемі
3,5х4,5
сурет орны
---------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------
20__ жылғы « » __________ 20 _____ жылғы « » ________ дейін жарамды
_____________________________________________________________________
(Комиссия төрағасының аты-жөні) (куәлік иесінің қолы)
Ауылшаруашылық тракторлары мен өздігінен жүретін машиналардың санаттары |
Рұқсат берілгені туралы белгі |
«А» - класы 30 кН дейінгі (3,0 тк) доңғалақты тракторлар; |
|
Ерекше белгілер үшін |
Қазақстан Республикасы
Қағидаларға
2-қосымша
Нысан
Қатаң есептегі бланкілер мен нөмірлік белгілердің келіп түсуін
және жұмсалуын есепке алу кітабы
Кіріс |
Шығыс |
Қалдық |
|||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5.1 |
5.2 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10.1 |
10.2 |
11 |
|
1 - Түскен күні |
Ескертпе. Белгілер мен бланкілердің әрбір түріне кітапта жеке бөлім беріледі.
Қағидаларға
3-қосымша
Нысан
________________________________________ _______ инженер-инспекторына
(облысы, ауданы)
Азамат ______________________________________________________________
(Т.А.Ә)
Туған жылы және күні __________________________________________
Туған жері ____________________________________________________
(республикасы, облысы, қаласы, ауданы)
_____________________________________________________________ тұратын
__________________________________________________________лауазымында
______________________________________________________ жұмыс істейтін
Паспортының сериясы (жеке куәліктің) _______________________________
№_____________________
________________________________________________________ берген
(кім және қашан)
Өтініш
Тракторист куәлігін беруді, ауыстыруды, телнұсқасын беруді сұраймын
_____________________________________________________________________
(себебі көрсетіледі, керегі жоғын сызып тастау керек )
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1 _____________________________________________________________
2 _____________________________________________________________
3 _____________________________________________________________
4 _____________________________________________________________
5 _____________________________________________________________
____________
(жеке қолы)
Сериясы ___________________ № _________________ куәлік берілді
Инженер-инспектор _____________________________________________
(облысы, ауданы)
Қағидаларға
4-қосымша
Нысан
__________________________________________________________________
(Оқытуды жүргізген ұйым атауы)
Куәлік № ______________
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Осы ___________________ куәлік _________________________ азамат
____________________________________________________________ берілді.
(тегі, аты, әкесінің аты)
Ол 20 ___ жылғы «___» _______ бастап, 20 ___ жылғы «___» ______
дейін тракторист-машинистті даярлау, қайта даярлау,
сыныптылығын арттыру бағдарламасы бойынша _____________________
сағат көлемінде оқып, біліктілік емтихандарын мынадай бағаларға
(«өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық») тапсырды:
Тракторлар және басқа машиналардың құрылысы мен техникалық
пайдалану қағидалары ________________________________________________
(зерделенетін тракторлар мен өздігінен жүретін
машиналардың маркалары көрсетіледі)
Агрономия негіздері, механикаландырылған жұмыс өндірісін
ұйымдастыру және оның технологиясы __________________________________
Жол қозғалысы ережелері: ______________________________________
Тәжірибелік дағдылары мен жүргізу _____________________________
Біліктілік комиссиясының 20__ жылғы «___» _____________________
шешімі бойынша хаттама № ______________________________________
азамат ________________________________________________________
тракторист-машинист деген біліктілік берілді.
М.О. Оқу орнының (кәсіпорынның) басшысы _______________________
_____________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
20__ жылғы «___» ______________
№ _________ емтихан парағының негізінде сериясы _______________
санаты ____________________________________ тракторист-машинист
куәлігі берілді _______________________________________________
М.О. 20__ жылғы « » ____________
__________________________________
(қолы)
Ескерту осы куәлік трактор немесе басқа өздігінен жүретін
ауылшаруашылық, мелиорациялық немесе жол құрылысы машинасын жүргізу
құқығына рұқсат беру құжаты болып табылмайды.
Қағидаларға
5-қосымша
Нысан
Білім беру ұйымының емтихан комиссиясының
20_______жылғы «____» _______________
№ _______ хаттамасы
Комиссияның құрамы: төрағасы ____________________________
мүшелері ____________________________
____________________________
Р/с № |
Емтихан тапсырушының тегі, аты, әкесінің аты |
Туған жылы |
Машинаның қандай санатын жүргізуге емтихан тапсырады |
Емтихан тапсырушының оқыған оқу орны |
Емтихандардың нәтижелері |
|||
теориялық |
тәжірибелік |
|||||||
Алғашқы рет немесе қайтадан |
Тапсырды, тапсырмады |
Алғашқы рет немесе қайтадан |
Тапсырылды, тапсырылмады |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Төраға __________________________________
Мүшелері ________________________________
________________________________
________________________________
Қағидаларға
6-қосымша
Нысан
_______________________________емтихан пунктінің
№ ______емтихан парағы
Машиналардың санаты ________
Тегі _____________ Аты _______________ Әкесінің аты__________________
Туған күні ____________
Теориялық емтихан
Күні _________ |
Сұрақтардың нөмірлері |
Тракторист-машинистікке кандидаттың қолы |
|||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
||
Жауаптардың нөмірі |
|||||||||||
Емтихан алушының белгісі |
|||||||||||
Қорытынды баға мен емтихан комиссиясы мүшелерінің қолдары |
|||||||||||
Күні _________ |
Сұрақтардың нөмірлері |
Тракторист-машинистікке кандидаттың қолы |
|||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
||
Жауаптардың нөмірі |
|||||||||||
Емтихан алушының белгісі |
|||||||||||
Қорытынды баға мен емтихан комиссиясы мүшелерінің қолдары |
Қағидаларға
7-қосымша
Нысан
Куәліктерді беру кітабы
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1 – Реттік сан № |
Қағидаларға
8-қосымша
Нысан
Қатаң есептегі бланкілер мен нөмірлік белгілердің
келіп түсуін және жұмсалуын есепке алу кітабы
Кіріс |
Шығыс |
Қалдық |
|||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5.1 |
5.2 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10.1 |
10.2 |
11 |
|
1 - Түскен күні |
Ескертпе. Белгілер мен бланкілердің әрбір түріне кітапта жеке бөлім беріледі.