"Поездар қозғалысымен тікелей байланысты темір жол көлігі қызметкерінің жұмыс уақыты мен демалыс уақытын есепке алуының ерекшеліктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 74 бұйрығына өзгеріс

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 582 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қазанда № 8001 тіркелді

      «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 22-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Поездар қозғалысымен тікелей байланысты темір жол көлігі қызметкерінің жұмыс уақыты мен демалыс уақытын есепке алуының ерекшеліктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 74 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 6859 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 31 мамырдағы 172 (26593) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрығымен бекітілген, Поездар қозғалысымен тікелей байланысты темір жол көлігі қызметкерінің жұмыс уақыты мен демалыс уақытын есепке алу ерекшеліктерінде:
      2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) сапар - айналым пунктінде болу уақытын ескере отырып, (поездардың бір жұбын жүргізу үшін локомотив) жолаушылар, жүк вагондарымен қызмет көрсетуге (поездық, локомотивтік, бригадасының поездарда багаж және жүк багаждарын қабылдау - тапсыруы) қызметкермен жұмсаған уақыты»;
      345 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ауысымның ұзақтығы, жұмыстың (ауысымның) басталу және аяқталу уақыты, демалу мен тамақтануға арналған үзілістердің басталу және аяқталу уақыты, бір жұмыс ауысымынан екіншісіне ауысу қызметкерлер өкілдерінің келісімі бойынша жұмыс беруші бекіткен ауысымдық кестеге сәйкес еңбек тәртібі қағидаларымен, еңбек және ұжымдық шарттармен белгіленеді.
      4. Ауысымдық кесте апта сайынғы демалыс күндерінің саны берілуінің қатал сақталуын көздейді, бұл ретте есепті кезеңдегі қабылданған демалыс күндерінің саны осы есепті кезеңнің демалыс күндерінің санына тең болуға тиіс.
      12 сағаттан кем емес (Есепке алу ерекшеліктерінің 21-тармағында көзделген жағдайлардан басқа) ауысым аралық демалысқа сәйкес болған жағдайда, алмастырушы жұмысшының келмеуі кезінде жұмысты жалғастырушы үшін, алмастырушы кестеде көрсетілген, демалыс күндерінде толық күндік үзіліссіз жұмыстармен айналысатын қызметкерлерді кезекшілікке тартуға рұқсат етіледі.
      5. Өндіріс шарттары бойынша демалуға және тамақтануға үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда, жұмыс беруші арнайы жабдықталған орында қызметкерге жұмыс уақытында демалу және тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Көрсетілген сағаттар (тамақтану уақыты) жұмыс уақыты ретінде есепке алынады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жұмыс сағаттарының нормасына енгізіледі.
      Мұндай жұмыстардың тізбесі, демалуға және тамақтануға арналған орын қызметкерлердің өкілдерімен келісу бойынша шығарылған жұмыс берушінің актілерімен белгіленеді.
      6. Тәулік бойына үздіксіз жұмыстармен, сондай-ақ өндіріс шарттары бойынша Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытының белгіленген күн сайынғы ұзақтығы сақтала алмайтын басқа жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үшін жұмыс беруші қызметкермен келісу бойынша есептік кезеңі - бір ай, тоқсан, жарты жылдық, жыл болатын жұмыс уақытының жиынтық есебін енгізеді. Бұл ретте есептік кезеңдегі жұмыс сағаттарының нормасы алты күндік қырық сағаттық жұмыс аптасы кезінде жұмыс уақытының теңгерімін негізге ала отырып, белгіленеді.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Мерзімнен тыс жұмыстар әрбір қызметкер үшін тәулік ішінде екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, зиянды (аса зиянды) және/немесе қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстарда - бір сағаттан аспауы тиіс.
      Мерзімнен тыс жұмыстардың жалпы ұзақтығының айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан асуына жол берілмейді. Мерзімнен тыс жұмыстарды жұмыс беруші жұмыстың жаңа режиміне көшірілетін ұжым мүшелерінің келісуімен қызметкерлермен келісу бойынша белгілейді.»;
      24-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Локомотив бригадаларының әрбір келу пункті бойынша жол бөлімшесінің бастығы жұмыс берушімен және локомотив бригадаларымен келісу арқылы, келген сәтінен бастап бригаданың жұмыста болуының рұқсат етілетін шекті уақытын белгілейді, ол уақыт аяқталған соң оны сапарға жіберуге тыйым салынады және 2 сағаттан аспау керек.»;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Қала маңындағы поездардың локомотив бригадаларының үздіксіз жұмысының ұзақтығы 12 сағаттан аспауына рұқсат етіледі. Айналым пунктінде түнгі тынығып жұмыс істеген кезде жұмыс уақытының жиынтық ұзақтығының 12 сағаттан асуына, ал демалудан кейінгі үздіксіз жұмыстың 6 сағаттан асуына жол берілмейді. Ұзақтығы үлкен жұмыс режимі осы Есепке алу ерекшеліктерінің 22-тармағында көзделген тәртіппен белгіленеді.»;
      26-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мұндай демалу ұзақтығы (бір сапарда біреуден артық емес) төрт сағаттан аз болмау керек және алты сағаттан артық болмау керек.»;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Локомотив бригадалары үшін қатарынан екі түннен артық түнгі сапарларға жол берілмейді. Түнгі болып жергілікті уақыт бойынша 22 сағаттан таңертеңгі сағат 6-ға дейінгі уақыт саналады. Локомотив бригадаларының жергілікті уақыт бойынша 22 сағаттан таңертеңгі сағат 6-ға дейінгі кезеңдегі түнгі тәуліктегі бір немесе екі сапары бір түндегі сапар ретінде саналады. Бұл талап локомотивтердің айналым пунктінен немесе локомотив бригадаларын ауыстыру пунктінен жолаушылар ретінде қайтарылатын локомотив бригадаларына қолданылмайды. Барлық жағдайлардағы түнгі уақыт үшін локомотив бригадаларына машинистің маршрутында белгіленген 22 сағаттан 6 сағатқа дейінгі кезең төленеді.»;
      3334 және 35-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «33. Жолаушылар вагондары жолсеріктерінің жұмыс режимдері мен демалуын жергілікті жағдайларды ескере отырып, әрбір поезға әзірленген жұмыс кестесімен және рейстағы жолаушылар вагондарының жолсеріктерінің демалыс кестесімен регламенттеледі.
      Жолаушылар вагондарының жолсеріктерінің жұмыс және демалу графиктерін жасау кезінде олардың рейстағы үздіксіз жұмысының ұзақтығы 12 сағаттан аспау керек, демалу – алдыңғы жұмыс уақытының жартысынан аз емес.
      34. Бір вагонға екі жолсерік қызмет көрсеткен кезде әрбір жолсерікке, алмастыру кестесіне сәйкес, сапар үшін жұмыс уақытына вагонды қабылдаған сәттен бастап оны сапардан кейін тапсырудың соңына дейінгі уақыттың жартысы ескеріледі.
      35. Жүктер мен багажды қабылдап-тапсырушының сапарлардағы жұмысының режимі олардың жұмысының сипаты мен сапардың ұзақтығымен белгіленеді. Олардың жұмысының ұзақтығы тәулігіне 12 сағаттан артық болмауы тиіс.»;
      37-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. Рефрижераторлық секцияларға 3 адам қызмет көрсету кезінде әрбір механиктің жұмысының ұзақтығы кесте бойынша тәулігіне 12 сағаттан артық болмауы тиіс.»;
      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «39. Жолаушылар поездарына қызмет көрсететін қызметкерлер: поезд электр механиктерінің, механик-бригадирлердің және ауысымдық кезекшіліктегі емес және сапардағы поезд бастықтарының, рефрижераторлық поездар (секциялар) бастықтарының жұмыс және демалу уақытын есепке алу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында реттеледі. Бұл ретте сапардағы жұмыс тәулігі 12 сағаттан аспауы тиіс.»;
      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «52. Жүк пен багажды қабылдаушы-тапсырушылардың сапардағы жұмыс және тынығу уақытын есепке алу олардың жұмыс жағдайлары және сапардың ұзақтығы ескеріліп әзірленген бөлек жұмыс кестесімен регламенттеледі.»;
      69-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әрбір қызметтік, қызметтік-техникалық немесе басқа арнайы вагонға қызмет көрсету үшін екі жолсеріктен бөлінеді.».
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Р.В. Склярға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        А. Жұмағалиев

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі
      Г.Н. Әбдіқалықова _______
      2012 жылғы 18 қыркүйек