Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 116-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Есеп саясаты туралы» 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 6505 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 6 қазандағы № 429-432 (26275) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есеп саясатында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қаржы есептілігі элементтерінің анықтамасына жауап беретін бап, егер:
1) бапқа байланысты кез келген болашақтағы экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті мемлекеттік мекеме алады деген ықтималдық болса;
2) сатып алуға арналған нақты шығындар немесе объектінің құны сенімді түрде өлшене алатын болса актив ретінде танылады.
Қаржылық есептілік элементінің анықтамасына жауап беретін бап, егер:
1) субъектінің өткен оқиғаның нәтижесінде қазіргі міндеттемелері бар болса;
2) міндеттемені өтеу үшін өзінде экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті қамтитын ресурстарды шығару талап етіледі деген ықтималдық бар болса;
3) міндеттемені сенімді айқындау мүмкін болса, міндеттеме ретінде танылады.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Қаржылық инвестициялар (квазимемлекеттік сектор субъектілеріне инвестициялардан басқа) бастапқы танылған кезде қаржылық нәтиже арқылы әділ құны бойынша есепке алынбайтын қаржылық актив жағдайында осы қаржылық активті сатып алумен тікелей байланысты мәміле бойынша шығындарды қосқанда әділ құны бойынша бағаланады.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Кейіннен бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі:
1) қаржылық нәтижені танығанда әділ құны бойынша ескерілетін қаржы инвестициялары;
2) таза активтерді\капиталды танығанда әділ құны бойынша – сатуға қолда бар қаржы инвестицияларының таза активтерді\капиталды;
3) пайыздың тиімді мөлшері әдісін қолдану арқылы амортизацияланған құн бойынша – өтегенге дейін ұсталатын қаржы инвестициялары;
4) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржылық инвестициялар – нақты жұмсалған шығындар (өзіндік құны) бойынша;
5) бюджеттік кредиттеу бойынша берілген қарыздар – өзіндік құны бойынша.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Белсенді нарық болмаған жағдайда үлестік құралдарға қаржылық инвестициялар құнсызданудан болған шығындарға шегерім жасалғаннан кейін өзіндік құны бойынша ескеріледі.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Әдеттегі операциялық цикл шеңберінде тіпті олардың есепті күннен бастап он екі айдың ішінде өтелуі күтілмесе де, дебиторлық берешек (атап айтқанда, сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің, қызметкерлердің алатын сыйақылары бойынша) айналым активтеріне жатады.»;
26-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) төлеу мерзімінің өтуі туындаған кезде күмәнді борыштар бойынша резервтер құрады:»;
30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Ақысыз бөліп беру немесе номиналдық құны бойынша бөліп беру, өндіру процесінде ақысыз бөліп беру немесе номиналдық құны бойынша бөліп беруге жататын тауарларды тұтыну үшін сақталатын қорлар өзіндік құн мәндерінің ең азы бойынша және ағымдағы қалпына келтіру құны бойынша бағаланады. Қалған қорлар екі мәннің ең азы бойынша: өзіндік құны және таза сатылу құны бойынша бағаланады.»;
«31. Қорларды сатудан, алмастырудан немесе беруден кейін олар есепке алынған сома тиісті табыс танылған кезеңде шығыс ретінде танылады. Егер осыған байланысты табыс жоқ болса, тауарлар берілген немесе қызметтер көрсетілген кезде шығыстар танылады.»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Объектінің техникалық жәй-күйін сақтап қалу мақсатында жүргізілетін ағымдағы жөндеуге арналған негізгі құрал объектілеріне қызмет көрсетуге және негізгі құралдарды пайдалануға арналған шығындар бастапқы құнды ұлғайтпайды, ал олардың пайда болу кезінде ағымдағы шығыстар ретінде танылады.
Негізгі құрал объектілерін салып бітіру, жабдықтап бітіру немесе реконструкциялау бойынша жұмыстарды жүргізу кезіндегі мемлекеттік мекеменің шығындары олардың құнын ұлғайтады. Кейін күрделі салымдардың нәтижесінде негізгі құралдар объектілерінің баланстық құнын ұлғайту, егер бастапқы бағаланған нормалардан артық болашақтағы экономикалық пайда мемлекеттік мекемеге түскен жағдайда жүргізіледі.
Болашақ экономикалық пайданы (күрделі салымдар) ұлғайтатын шығындардың мысалы:
оның қуаттылығын арттыруды қоса алғанда, пайдалы қолданылу мерзімін ұзарту үшін негізгі құрал объектісін түрлендіруге;
өнім сапасын елеулі жақсартуға қол жеткізу үшін машиналардың бөлшектерін жетілдіруге;
бұрын бағаланған шығындарды елеулі қысқартуға мүмкіндік беретін жаңа өндірістік процестерді енгізуге жұмсалатын шығындар болып табылады.»;
39-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы министрінің «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеудің кейбір мәселелері туралы» 2011 жылғы 24 ақпандағы № 95, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6829 нөмірімен тіркелген бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – № 95 бұйрық) амортизацияның жылдық нормаларын қолдана отырып, біркелкі есептеу әдісі бойынша негізгі құралдардың амортизациясын ай сайын есептейді.»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Негізгі құралдарды түгендеу мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Негізгі құралдар құнының құнсыздану есебі Бухгалтерлік есеп ережесінің «Активтердің құнсыздануы» бөлімінің қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Мемлекеттік мекеме ай сайын инвестициялық жылжымайтын мүліктің амортизациясын тең есептеу әдісімен, № 95 бұйрықпен бекітілген негізгі құралдар үшін амортизацияның жылдық нормаларын қолдана отырып есептейді.»;
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«51. Инвестициялық жылжымайтын мүлік санатына ауыстыру немесе одан алып тастау тек оны қолдану тағайындауы өзгергенде жүргізіледі. Инвестициялық жылжымайтын мүлікті негізгі құралдар немесе қорлар не керісінше санатқа ауыстыру ауыстырылатын объектілердің баланстық құнын өзгертусіз жүргізіледі.»;
59-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әзірлеу сатысындағы ғылыми әзірлемелер бойынша жұмыстарға арналған шығындар активтерді танудың критерийлеріне сәйкес келген кезде күрделі салымдар есебінің шотына жатқызылады.»;
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«62. Мемлекеттік мекеме ай сайын материалдық емес активтердің амортизациясын тең есептеу әдісімен, № 95 бұйрықпен бекітілген негізгі құралдар үшін амортизацияның жылдық нормаларын қолдана отырып есептейді.»;
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Қаржылық міндеттемелер бастапқы танылған кезде қаржылық нәтиже арқылы әділ құны бойынша есепке алынбайтын қаржылық міндеттеме жағдайында осы қаржылық міндеттемені сатып алумен тікелей байланысты мәміле бойынша шығындарды қосқанда әділ құны бойынша бағаланады.»;
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«68. Мемлекеттік мекеме бастапқы танығаннан кейін қаржылық міндеттемелер ескерілген қаржылық нәтижеге арналған қаржылық міндеттемелерді қоспағанда пайыздың тиімді ставкасы әдісін пайдалана отырып амортизациялық құны және алынған қарыздар бойынша бағаланады. Алынған қарыздарды есепке алу өзіндік құны бойынша және/немесе номиналдық құны бойынша жүргізіледі.»;
71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«71. Мемлекеттік мекеме салықтар мен басқа да төлемдер сомаларын есептеуді Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Жалақы және басқа операциялық шығындар сияқты қысқа мерзімді міндеттемелер мемлекеттік мекеменің операциялық циклында пайдаланылатын айналым капиталының бір бөлігін құрайды. Мұндай операциялық баптар, тіпті егер оларды есепті күннен бастап он екі айдан астамнан кейін өтеуге жатса да қысқа мерзімді міндеттемелер ретінде жіктеледі.»;
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«80. Бастапқыда бухгалтерлік есепте көрсетілгенде шетел валютасындағы операциялар шетел валютасындағы сомаға операция жасалған күнге валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдану жолымен функционалдық валютада көрсетіледі.
Әрбір есепті күнге мемлекеттік мекеме есепте:
түпкі бағамды (есеп күндегі ағымдағы валюта бағамын) пайдалана отырып қайта есептелген - ақшалай (монетарлық) баптарды;
операция жасалған күнге айырбастау бағамы бойынша – шетел валютасындағы ақшалай емес (монетарлық емес) баптарды;
әділ құнын айқындау күніне қолданыстағы болған айырбастау бағамы бойынша қайта есептелген, әділ құны бойынша бағаланған шетел валютасындағы ақшалай емес (монетарлық емес) баптарды көрсетеді.
Шетел валютасында көрсетілген және ақша қаражатымен алынуға және өтелуге жататын, есепті кезеңнің аяғында өтелмеген дебиторлық және кредиторлық берешектер сомасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 36 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 4 қаулысымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5570 болып тіркелген және Бухгалтерлік есепке алу қағидаларының «Валюта бағамдары өзгерістерінің әсері» бөлімінің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілеген тәртіпте айқындалатын және есепті кезеңнің соңғы күнінде қолданыстағы валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша шетел валютасында қайта есептеу жолымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетіледі.
Шетел валютасындағы операцияларды және шетелдік қызметті есепке алу тәртібі Бухгалтерлік есепке алу қағидаларының «Валюта бағамдары өзгерістерінің әсері» бөлімінде айқындалған.»;
87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«87. Мемлекеттік мекеме айырбасталмайтын және айырбасталатын операциялардан, активтерді басқарудан және өзге кірістерден алады, сондай-ақ операциялық кірістерді, бюджеттік төлемдер бойынша, активтерді басқару бойынша шығыстар мен өзге де шығыстарды жүргізеді.
Қарыздар бойынша шығындар олар жүргізілген кезеңдегі шығыстардың құрамында танылады.»;
92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«92. Мемлекеттік мекеменің міндеттемелеріне немесе активтеріне елеулі қаржылық ықпалы бар есепті күннен кейінгі түзетпейтін оқиғалар Бухгалтерлік есепке алу қағидаларының «Есепті күннен кейінгі оқиғалар» бөлімінің ережелеріне сәйкес тиісті ақпаратты ашып көрсету жолымен көрсетіледі. Қаржылық есептілікте есепті күннен кейінгі түзетуші оқиғаларды көрсету үшін танылған сомалар түзетілуге жатады.»;
97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«97. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері квазимемлекеттік сектор субъектілеріне инвестицияларды есептеу әдісі бойынша дайындалған 2013 жылға арналған жылдық қаржылық есептіліктегі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын қалыптастыруға және/немесе толықтыруға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес жүргізілген мөлшерде таниды.
Есептеу әдісі бойынша 2013 жылға арналған жылдық қаржылық есептіліктегі бухгалтерлік есепке алу шеңберінде мемлекеттік мекемелер бұрын кассалық есепке алу әдісі бойынша танылмаған активтер мен міндеттемелерді осы Есеп саясаты мен Бухгалтерлік есепке алу қағидаларына сәйкес таниды.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есептің, аудиторлық қызметтің әдістемесі департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Министр Б. Жәмішев