"Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төраға

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 232-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 3 қазанда № 7966 тіркелді

      «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 нөмірмен тіркелген, «Юридическая газета» газетінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 53 (1650), «Заң газеті» газетінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 53 (1476) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесінде:
      32–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Екі деңгейлік тарифтерді қолдана отырып, электр энергиясына оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтер есептеу кезінде (Т макс) ең жоғары тариф мынадай формула бойынша белгіленеді:

      Т макс = 1,2*Tо, мұндағы: (8)

      Tо – тұтынушылардың тиісті топтары үшін электр энергиясының босату тарифі.
      Электр энергиясына тұтынушылар топтары бойынша тарифтерді саралау болған жағдайда үй-жайларды өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру мақсатында пайдаланатын дара кәсіпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустар және сот орындаушылары үшін екі деңгейлік тарифтерді қолдана отырып, электр энергиясына оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтер тұтынушылардың тиісті тобы үшін босату тарифіне сүйене отырып анықталады.»;
      37-1–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «37-1. Асыра тұтынғаны үшін екінші және үшінші деңгейлік тарифтер бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтынудың шамаларын уәкілетті орган электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын жеке тұлғалар үшін жергілікті атқарушы органның (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің) келісімі бойынша жеке белгілейді.
      Бұл ретте электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғаларға «Тұрғын ғимараттар» ҚР ҚНжЕ 3.02-43-2007 сәйкес газдандыруға жатпайтын, не егер үйдің құрылысының жобасында немесе кондоминиум объектісіне техникалық паспортта оны газдандыру көзделмеген үйлердің тұрғындары жатады.
      Электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғаларға үш деңгейлік тарифтерді қолдану кезінде тиiстi өңірдің жылумен жабдықтаушы, газбен жабдықтаушы ұйымдары немесе жергілікті атқарушы органдары ақпаратының негізінде орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталмаған үйлердің тұрғындары және орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесі жұмыс істемейтін бұрын газдандырылған үйлердің тұрғындары теңеседi.
      Асыра тұтынғаны үшін екінші деңгейлік тариф (бұдан әрі - V2) бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтынудың шамасы тұтынушыларда энергия үнемдеу үшін ынталар жасайтын және халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін өлшемдер ескеріле отырып айқындалады.
      Асыра тұтынғаны үшін үшінші деңгейлік тариф (бұдан әрі - V3) бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтынудың шамасы саны жалпы тұтынушылар санынан 10-15% аспайтын ең жоғары тұтынған тұтынушыларда энергия үнемдеу үшін ынталар жасайтын өлшемдер ескеріле отырып айқындалады.
      Асыра тұтынғаны үшін үшінші деңгейлік тариф бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтыну шамасын уәкілетті орган жергілікті атқарушы органның (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің) келісімі бойынша жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үй-жайы (пәтері) бар аталған тұлғаларды қоспағанда, электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын жалғыз тұратын жасы бойынша зейнеткерлер, мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар үшін жеке белгілейді.»;
      37-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «37-4. Үш деңгейлік тарифтерді қолдана отырып, электр энергиясына оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтерді есептеу кезінде екінші деңгейлік тариф (Т2) мынадай формула бойынша белгіленеді:

      Т2 = 1,2*Tо, мұндағы: (15)

      Tо – тұтынушылардың тиісті тобы үшін электр энергиясының босату тарифі.
      Электр энергиясына тұтынушылар топтары бойынша тарифтерді саралау болған жағдайда үй-жайларды өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру мақсатында пайдаланатын дара кәсіпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустар және сот орындаушылары үшін үш деңгейлік тарифтерді қолдана отырып, электр энергиясына оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтер тұтынушылардың тиісті тобы үшін босату тарифіне сүйене отырып анықталады.»;
      37-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «37-5. Үш деңгейлік тарифтерді қолдана отырып, электр энергиясына оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтерді есептеу кезінде үшінші деңгейдегі тариф (Т3) мынадай формула бойынша белгіленеді:

      Т3 = 1,5*Tо, мұндағы: (16)

      Tо – тұтынушылардың тиісті тобы үшін электр энергиясына босату тарифі.
      Электр энергиясына тұтынушылар топтары бойынша тарифтерді саралау болған жағдайда үй-жайларды өзінің кәсіби қызметін көрсету мақсатында пайдаланатын дара кәсіпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустар және сот орындаушылары үшін үш деңгейлік тарифтерді қолдана отырып, электр энергиясына оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтер тұтынушылардың тиісті тобы үшін босату тарифіне сүйене отырып анықталады.».
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаменті (Қ.Т. Көккөзова) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (С.С. Метенова) тиісті ақпаратты кейіннен ұсынуды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Б.И. Досмұхамбетоваға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     М. Оспанов