10.05.2012

Техникалық реттеу және метрология саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексерулер бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.06.2015 № 728 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.07.2015 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналардың:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес техникалық реттеу және метрология аясындағы жеке кәсіпкерлік субъектiлерiн тексерулер бойынша;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау аясында жеке кәсіпкерлік субъектiлерiн тексерулер бойынша;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектiлердi дайындау және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектiлерiн тексерулер бойынша тексеру парақтарының нысандары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң он күнтізбелік күн ішінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты оның күшіне енген соң отыз күнтізбелік күн ішінде жариялауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ресми Интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. «Техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 27 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 2010 жылғы 4 наурыздағы № 119 бірлескен бұйрығы (2010 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6138 болып енгізілді, «Заң газетінде» 2010 жылғы 31 наурыздағы № 44 (1840) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының                Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа                      Экономикалық даму және
технологиялар министрі                   сауда министрі
________________ Ә. Исекешев             ____________ Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің         
2012 жылғы 10 мамырдағы № 154 және    
Қазақстан Республикасы Экономикалық    
даму және сауда министрінің         
2012 жылғы 15 маусымдағы № 195       
бірлескен бұйрығына             
1-қосымша                  

Нысан                   

Техникалық реттеу және метрология аясындағы жеке кәсіпкерлік
субъектiлерiн тексерулер бойынша
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

Уәкілетті органның атауы_____________________________________________
Тексеру тағайындау туралы акт________________________________________
                                               (№, күні)
Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың Т.А.Ә.А._____________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектісінің тәуекел деңгейі___________________________
                               (жоғары, орта, төмен дәрежені көрсету)
Т.А.Ә.А. немесе жеке кәсіпкерлік субъектісінің атауы_________________
_____________________________________________________________________
СТН (бар болса)______________________________________________________
ЖИН/БИН______________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап

етіледі

Талап

етілмейді

1

Мiндетті түрде сәйкестiгiн растауға, декларациялауға жататын өнiмдер үшін сәйкестiк сертификаттарының (белгiленген үлгiдегi сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерi), сәйкестiк туралы декларациялардың (сәйкестiк туралы декларациялардың көшiрмелерi) болуы



2

Қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға өнім үлгілерінің сәйкестігі (өнімді сынау нәтижелері негізінде)



3

Техникалық регламенттерде белгiленген таңбалауға қойылатын талаптарға өнімнің сәйкестігі (буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар)



4

Өлшем құралдарына арналған салыстырып тексеру сертификаттарының немесе салыстырып тексеру таңбалары оттискілерінің болуы



5

Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшем құралдардың қолдану



6

Сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын осы тауарлар санын сипаттайтын салмағының, көлемiнiң, шығынының немесе өзге шамаларының кассалық, тауарлық чекте немесе тауарды сатып алатынын растайтын өзге де құжатта көрсетiлген тауарлар санына сәйкестiгi



7

Бума iшiндегi тауар санының буманың бетiнде белгiленген шамаға сәйкестiгi



Субъектінің тексеру парағының көшірмесін алғаны туралы белгісі:
«____» _________ 20 ____ ж.________________________  ______________
                              (Т.А.Ә.А., лауазымы)      (қолы)

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің         
2012 жылғы 10 мамырдағы № 154 және    
Қазақстан Республикасы Экономикалық    
даму және сауда министрінің         
2012 жылғы 15 маусымдағы № 195       
бірлескен бұйрығына             
2-қосымша                  

Нысан                   

Мемлекеттік метрологиялық бақылау аясындағы жеке кәсіпкерлік
субъектiлерiн тексерулер бойынша
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

Уәкілетті органның атауы_____________________________________________
Тексеру тағайындау туралы акт________________________________________
                                               (№, күні)
Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың Т.А.Ә.А._____________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектісінің тәуекел деңгейі___________________________
                               (жоғары, орта, төмен дәрежені көрсету)
Т.А.Ә.А. немесе жеке кәсіпкерлік субъектісінің атауы_________________
_____________________________________________________________________
СТН (бар болса)______________________________________________________ ЖИН/БИН______________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап

етілмейді

1

Белгiленген үлгiдегi өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы сертификаттың және (немесе) белгiленген үлгiдегi өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың болуы



2

Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшем құралдарын қолдану



3

Өлшем құралдарына салыстырып тексеру сертификаттарының немесе салыстырып тексеру таңбасының оттискілерінің болуы



4

Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау және олардың Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тiзiлiмiнде тіркелуі



5

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу өлшемдердің орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына арналған аккредиттеу аттестатының болуы



Субъектінің тексеру парағының көшірмесін алғаны туралы белгісі:
«____» _________ 20 ____ ж._______________________  ______________
                              (Т.А.Ә.А., лауазымы)      (қолы)

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің         
2012 жылғы 10 мамырдағы № 154 және    
Қазақстан Республикасы Экономикалық    
даму және сауда министрінің         
2012 жылғы 15 маусымдағы № 195       
бірлескен бұйрығына             
3-қосымша                  

Нысан                   

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, сондай-ақ
олар бейнеленген материалдық объектiлердi дайындау және өткізу
бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектiлерiн
тексерулер бойынша
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

Уәкілетті органның атауы_____________________________________________
Тексеру тағайындау туралы акт________________________________________
                                               (№, күні)
Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың Т.А.Ә.А._____________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектісінің тәуекел деңгейі___________________________
                               (жоғары, орта, төмен дәрежені көрсету)
Т.А.Ә.А. немесе жеке кәсіпкерлік субъектісінің атауы_________________
_____________________________________________________________________
СТН (бар болса)______________________________________________________
ЖИН/БИН______________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап

етіледі

Талап

етілмейді

1

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасын дайындауға лицензияның болуы



2

Стандарттау жөнiнде нормативтiк құжаттардың, сондай-ақ белгiленген тәртiппен келiсiлген және бекiтiлген мемлекеттiк рәміздерді дайындау процесiн регламенттейтiн техникалық құжаттардың болуы (техникалық тапсырмалар, техникалық шарттар, конструкторлық-технологиялық құжаттама)



3

Жеке меншiк құқығындағы немесе жалға алынған өндiрiстiк-техникалық базаның болуы (өндiрiстiк үй-жайлар, технологиялық жабдықтар, өлшеу және бақылау құралдары, оның iшiнде қолданыстағы стандарттау жөнiнде нормативтiк құжаттар талаптарына сай дайындалған мемлекеттiк нышандардың сапасын және оларды дайындаудың технологиялық процесiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн түстер атласы)



4

Өлшем құралдарына салыстырып тексеру сертификаттарының немесе салыстырып тексеру таңбалары оттискілерінің болуы



5

Қолданылатын сынақ жабдықтарының және өлшем құралдарының метрологиялық аттестатталынуының болуы



6

Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшем құралдарын қолдану



7

Мемлекеттiк рәміздерді дайындаудың технологиялық процесiне қарай, өндiрушi әзiрлеген нұсқаулықтарда белгiленген, лицензияланатын қызмет саласында тиiстi бiлiктiлiгi және бiлiм деңгейi бар персоналдың болуы



8

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк рәміздерінің, сондай ақ олардың бейнелері бар материалдық объектілердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкес келуі



Субъектінің тексеру парағының көшірмесін алғаны туралы белгісі:
«____» _________ 20 ____ ж.________________________  _______________
                              (Т.А.Ә.А., лауазымы)        (қолы)


Дата вступления в силу:  16.07.2012
Дата изменения акта:  26.06.2015
Дата принятия акта:  10.05.2012
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" газеті 11.08.12 ж. № 495-500 (27573); "Казахстанская правда" от 11.08.12 г. № 262-263 (27081-27082); Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2012 жылғы, № 15 (тираждың шыққан уақыты 27.09.2012 ж.)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103017000000 / 103005000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  66652
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  154
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  001002003000 / 005004000000 / 005010000000 / 001008000000
Форма акта:  ПРИК
Юридическая сила:  1510
Язык акта:  kaz