26.03.2012

Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметтердің мынадай түрлерін қоса атқаруға рұқсат етiледi деп айқындалсын:

      1) брокерлік және (немесе) дилерлік - кастодиандық қызметпен, инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметпен, сондай-ақ брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын Ұлттық почта операторы және банктер үшін трансфер-агенттiк қызметпен;

      2) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;

      3) инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi - брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметпен;

      4) Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5) кастодиандық - брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметпен, трансфер-агенттiк қызметпен;

      6) депозитарлық - бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу, бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру бойынша қызметпен, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметпен, трансфер-агенттік қызметпен;

      7) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру жөнiндегi - қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметпен.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 120 қаулысының қосымшасы

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы № 379 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 2583 тіркелген, 2004 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде, № 1-4, 905-құжатта жарияланған).

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы № 379 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 396 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 3416 тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы № 379 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 278 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 3854 тіркелген).

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы № 379 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 45 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4612 тіркелген, 2007 жылы Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған).

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы № 379 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы № 174 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4828 тіркелген).

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы № 379 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қыркүйектегі № 238 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4978 тіркелген).


Дата вступления в силу:  10.05.2012
Дата изменения акта:  07.10.2019
Дата принятия акта:  26.03.2012
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" газеті 8.08.12 ж. № 477-482 (27555); "Казахстанская правда" от 8.08.12 г. № 256-257 (27075-27076)
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  117000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  65460
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  120
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  006007000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz