Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.12.2020 № ҚР ДСМ-237/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 7 сәуірдегі № 2184 Заңына, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым туралы ережені және Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 383 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 27 маусымда № 7048 тіркелген, 2011 жылғы 4 тамызда № 111 (1927) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Аталған бұйрыққа 1-қосымшада 10-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) "алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның аумағынан шығару тек емдеу-диагностикалық, оңалту іс-шараларын жүргізу және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін медициналық персоналдың, күзет қызметкерлерінің немесе мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым өкілдерінің бірге ілесіп жүруімен ғана рұқсат етіледі;"".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е.Р. Әмірғалиев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Денсаулық сақтау министрі | С. Қайырбекова |