Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2012.04.19 N 3-3 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Зеленов ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Зеленов аудандық мәслихатының 2008 жылғы 3 қыркүйектегі N 8-4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-7-72 болып тіркелген, 2008 жылғы 18 қазандағы "Ауыл тынысы" газетінің N 42 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2 тармақ:
келесі мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) біржолғы төлем өрттен, су тасқынынан немесе басқа да табиғи және техногендік сипаттағы табиғи зілзаладан зардап шеккен азаматтарға тиісті аудандық комиссиясы белгілеген мөлшерінде;";
3 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"3. Жекелеген азаматтар санаттарына ай сайын берілетін әлеуметтік көмекті және осы шешімнің 2 тармағы 1-1) тармақшасын қоспағанда, барлық әлеуметтік көмек түрлерінің ең жоғары көлемі жылына 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспауы тиіс.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Б. Асанов
Аудандық мәслихат хатшысы В. Шохина