Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2011 жылғы 07 қазандағы N 35-4/2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 14 қарашада N 5-11-142 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Зайсан аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 шілдедегі N 5-2/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Зайсан аудандық мәслихатының 2012.07.16 N 5-2/1 шешімімен.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 6000 (алты мың) теңге мөлшерінде бюджет қаражаты есебінен біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Зайсан аудандық мәслихатының «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы» 2010 жылғы 29 шілдедегі № 23-3/5 (нормативтік құқық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-11-121 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2010 жылғы 11 қыркүйектегі № 37 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы                  Н. Бейсенов