Арыс қалалық мәслихатының 2011 жылғы 30 маусымдағы № 45/282-IV "Арыс қаласына қарасты ауылдық елді мекендеріне 2011 жылы жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрд

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 47/301-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 4 қарашадағы N 14-2-114 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2012 жылғы 4 сәуірдегі N 69 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011.12.27 № 459-ө (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2012.01.01 бастап туындаған қатынастарға қолданылады) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы бойынша 2011 жылдың 4 тоқсанына арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 проценті мөлшерінде анықталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2011 жылдың 3 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2011 жылғы 28 маусымдағы № 235-ө бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 7051 тіркелген және «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 15 шілдедегі № 299-300, «Казахстанская правда» от 09.07.2011 г., № 215-216 газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      3. Әлеуметтік көмек департаменті (К.А.Манабаева) осы бұйрықты:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды;
      2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.А.Ахметовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшiне енедi және 2011 жылдың 1 қазаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                Г. Әбдіқалықова