2011 жылға арналған субсидияланатын приоритеттік ауыл шаруашылық дәнді-дақылдардың түрлері бойынша егістіктің оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі N 163 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 10 мамырда N 13-11-211 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2012 жылғы 22 маусымдағы N 02.10-07-02-542 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2012.06.22 N 02.10-07-02-542 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау Қағидасының 10-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылға арналған субсидияланатын приоритеттік ауылшаруашылық дәнді-дақылдардың түрлері бойынша егістіктің оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а.                        И. Турков

Аудан әкімдігінің 2011 жылғы
29 сәуірдегі № 163 қаулысына
қосымша

2011 жылға арналған Тайынша ауданы бойынша субсидияланатын приоритеттік ауылшаруашылық дәнді-дақылдардың әрбір түрі бойынша егістіктің оңтайлы мерзімдері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2011.08.02 N 315 Қаулысымен

р/с №

Дәнді-дақылдар атауы

Егістіктің оңтайлы мерзімдері

1

Жаздық бидай (орташа пісетін, орташа кеш)

17 мамыр мен 3 маусым аралығында

2

Жаздық бидай, орташа ерте

28 мамыр мен 6 маусым аралығында

3

Арпа – орташа кеш сұрыптағы

25-30 мамыр аралығында

4

Арпа – орташа пісетін сұрыптағы

30 мамырдан 5 маусым аралығында

5

Сұлы

25-30 мамыр аралығында

6

Нут

12-16 мамыр аралығында

7

Асбұршақ

25-30 мамыр аралығында

8

Қарақұмық

25-30 мамыр аралығында

9

Тары

28 мамырдан 5 маусым аралығында

10

Рапс

13-26 мамыр аралығында

11

Зығыр, қыша

17-25 мамыр аралығында

12

Арыш

25-30 мамыр аралығында

13

Май тұқымындағы күнбағыс

15-18 мамыр аралығында

14

Жасымық

20-25 мамыр аралығында

15

Картоп

18-25 мамыр аралығында

16

Сүрлемге арналған жүгері

16-20 мамыр аралығында

17

Күздік бидай

25 тамыздан 5 қыркүйек аралығында

18

Күздік қара бидай

25 тамыздан 5 қыркүйек аралығында

19

Сәбіз (тұқым)

10-15 мамыр аралығында

20

Пияз (тұқым)

10-15 мамыр аралығында

21

Қызылша

25 мамырдан 5 маусым аралығында

22

Қияр

18 мамырдан 5 маусым аралығында

23

Орамжапырақ көшеті

25 мамырдан 10 маусым аралығында

24

Қызанақ көшеті

28 мамырдан 10 маусым аралығында

Бір жылдық шөп

25

судан шөбі, тары

1-5 маусым аралығында

Сүрлемге арналған бір жылдық шөп

26

вика, сұлы, арпа

27-31 мамыр аралығында

27

бұршақ, сұлы, арпа

5–7 маусым аралығында

28

бұршақ, азақтық тары

8–10 маусым аралығында

29

бұршақ, сұлы, судан шөбі

8–10 маусым аралығында