"2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Ақжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 20 желтоқсандағы N 27-1 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 17 қарашадағы N 37-1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 15 желтоқсанда N 13-4-132 тіркелді

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімі аппаратының 03.01.2013 N 02.10-07-02-02 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылырды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. «1995 жылы туған Қазақстан Республикасының ер азаматтарын әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді Тайынша ауданы аумағында Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың қаңтар-наурызы аралығында тіркеу жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Жаровқа жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Маковский

      Келісілді:

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданы қорғаныс істер
      жөніндегі бөлімі» ММ бастығы               Е. Мұсақұлов