Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы N 308 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 26 қаңтарда N 13-2-145 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы N 242 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 02.10.2013 N 242 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аққайың ауданы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың келесі қосымша тізбесі орнатылсын:
      1) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан астам);
      2) 21 мен 29 жас аралығындағы жастар;
      3) 50 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
      4) маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар.
      2. «Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға қосымша жатқызылған тұлғаларды жұмыспен қамту бойынша және әлеуметтік қорғаудың қолдау шараларын уақытылы қамтамасыз етсін.
      3. Аудан әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) «Халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімін орнату туралы» Аққайың ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 62 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-2-98 2009 жылдың 19 мамырында тіркелді және № 20 «Колос» және № 14 «Аққайың» аудандық газеттерінде 2009 жылдың 21 мамырында жарияланды);
      2) «Халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімін орнату туралы» Аққайың ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 62 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Аққайың ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 110 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-2-100 2009 жылдың 27 мамырында тіркелді, № 22 «Колос» және № 16 «Аққайың» аудандық газеттерінде 2009 жылдың 10 маусымында жарияланды).
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған кезден бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аққайың ауданының әкімі                    Р. Елубаев