"Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы және аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 254 қаулысына өзгерістер енгіз

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 145 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 маусымда № 9-12-160 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 40 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 18.03.2016 № 40 қаулысымен (алғаш қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабының 2-тармағына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5–бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы және аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 254 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-12-144 нөмірі бойынша тіркелген 2010 жылғы 5 тамыздағы "Айна" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулы 1-тармағының 1), 2) тармақшылары келесі редакцияда жазылсын:
      "1) дәнді дақылдар (жазғы бидай, жазғы арпа, сұлы, тары, қарақұмық) 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
      2) майлы дақылдар 18 мамырдан 30 мамырға дейін;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А. Хакимжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ф. Филиппов