Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 34/202 "2011 - 2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бейнеу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 36/217 шешімі. Бейнеу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 07 ақпанда № 11-3-112 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" N 281 қаулысына, Баянауыл ауданы мәслихаты мен әкімдігінің 2007 жылғы 23 шілдедегі N 295/15 бірлескен шешіміне, облыстық ономастика комиссиясының 2009 жылғы 13 наурыздағы қорытындысына және облыс әкiмдiгiнің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы "Павлодар облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы" N 304/19 қаулысына сәйкес, баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округі Бірінші май ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Баянауыл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгеріс енгізілсін: Баянауыл ауданының Күркелі ауылдық округінің Бірінші май ауылы Жарылғап ауылы деп қайта аталсын.
      2. Осы шешiмнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың  азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы                            Р. Гафуров

      Облыс әкiмi                                Б. Сағынтаев