Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 27 желтоқсандағы кезекті отыз бірінші сессиясының "2011-2013 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы" N 194 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 наурыздағы N 206 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Арал аудандық Әділет басқармасында 2011 жылы 28 наурызда N 10-3-179 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 қаңтардағы N 254 шешімімен

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "Хазірет селолық" сөздері "Хазірет ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 27-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тұрғындардың пікірін, Мәртөк ауданының мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Хазірет ауылдық округінің Березовка селосы Жездібай ауылы деп қайта аталсын.
      2. Осы әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.
      3. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Е.САҒЫНДЫҚОВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.ОРДАБАЕВ
      Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы Т.ЕСЕНҒҰЛОВ