Нұра аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы 32 сессиясының "2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" N 308 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 36 сессиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы N 347 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 12 шілдеде N 8-14-148 тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 08.06.2016 N 23/07 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң әрекетке енеді) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарағанды қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін әр санат үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю. Любарскаяға жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
Б. Әбдішев