2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы N 25 қаулысы. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 наурызда N 8-5-107 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы N 07 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2012.05.07 N 181 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес, Үржар аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылғы 02 сәуірдегі № 208 «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау және төлеу нұсқаулығын бекіту туралы» қаулысына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 14 сәуір № 5-18-93 тіркелген, 2010 жылы сәуірдің 17 № 19-20 «Уақыт тынысы/Пульс времени» газетінде жарияланған) төмендегі толықтыру енгізілсін:
      1) қаулының № 1 қосымшасы 7 тармағы «Өкпе ауруымен (тұрақты түрі) ауыратын азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау Үржар ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының тізімі негізінде. Санаторийге бару, тексерілу және емдеу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек - 3000 теңге жылына бір рет, тамақтануға - 9000 теңге тоқсан сайын беріледі» деген сөйлеммен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы С. Семеноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          Қ. Байсинов