Қобда аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 қазандағы № 111 "Аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 шілдеде қабылданған "Қобда ауданындағы елді мекендерді абаттандыру бойынша ережелерді бекіту туралы" № 100 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" өзгеріс енгізу тур

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 228 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 14 қазанда № 3-7-131 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2012 жылғы 28 маусымдағы № 34 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2012.06.28 № 34 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағы 8 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қобда аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 қазандағы № 111 Аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 шілдеде қабылданған «Қобда ауданындағы елді мекендерді абаттандыру бойынша ережелерді бекіту туралы» № 100 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», (нормативтік құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-79 тіркелген, 2010 жылғы 7 қаңтарда «Қобда» газетінің № 1 жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін;
      Кесімінің кіріспесіндегі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер» Заңының 28 бабы деген сөзі алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат сессиясының               Аудандық мәслихаттың
            төрағасы                           хатшысы     

         Ә. Қорғанбаев                     Л. Исмағамбетова