Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы "2011-2013 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы" № 166 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 204 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 13 мамырда № 3-7-107 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 250 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2012.10.24 N 22/05 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жезқазған қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Б.Қ. Шыңғысовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласының әкімі                  Б. Әбдіғалиұлы