Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 243 "2011-2013 жылдарға арналған Қарғалы ауданының бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 327 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 21 қарашада № 3-6-130 тіркелді. Қолдану мерзімі өтуіне байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 03-14/68 хатымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Жоба    

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер
Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің
арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және
Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық
өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгерістер
енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы 

      2011 жылғы 29 тамызда Киевте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер
Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің
арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және
Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық
өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинеті,
      2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 7-бабын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті: 

1-бап

      Келісімнің 2-бабының 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан тарапы Украина тарапына өзінің дипломатиялық өкілдігін орналастыру үшін Астана қаласындағы Арғанаты көшесі, 20 мекен жайы бойынша орналасқан, алаңы 0,9187 га. жер учаскесін жылына 1 теңге жалгерлік ақыға 49 жылға өзаралық шарттарымен жалға береді.».

2-бап 

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Хаттама өз қолданысын Келісімнің қолданысы тоқтатылған кезде бір мезгілде тоқтатады.

      2011 жылғы «___»___________ ______________ қаласында әрқайсысы қазақ, украин және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының                 Украинаның Министрлер
           Үкіметі үшін                             Кабинеті үшін