Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № А-5/163 қаулысы. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 маусымда № 1-2-143 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № А-5/180 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2012.05.04 № А-5/180 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5)5-6) тармақшаларына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыздағы мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.А.Сәдуақасоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының әкімі                А.Никишов