"2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 33-206қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 33-1242қ қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 7 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 701 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 ақпандағы N 06-178 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2012 жылы қаңтардан наурызға дейін "Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды тіркеуге алу заңда белгіленген тәртіпте өткізілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Бексұлтанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Нұра ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________ Қ. Жолболдин
      23.11.2011 жыл