Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2011 жылғы 28 қазандағы № 160 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 9 қаңтарда № 7371 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесінде:
      12-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Merrill Lynch EMU Direct Governments, AAA Rated, 1-5 Yrs (EG1V) - 35 (отыз бес) пайыз;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қарашадан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі
      _________Б.Жәмішев
      2011 жылғы 9 желтоқсан