"Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы және "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 506 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 30 желтоқсанда № 7367 тіркелді. Ескерту. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 669 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімі аппаратының 21.10.2014 N 02-07/0804 хаты).
      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 2007 жылғы 15 мамырдағы 238-бабының 3-тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істегені үшін лауазымдық қызмет ақыны көтеру белгіленгендерге, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2008 жылғы 08 шілдедегі № 410 қаулысына (2008 жылы 11 тамызда № 5-12-68 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
      осы қаулының 2 қосымшасындағы 3 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
      "3. Мамандар (бас, аға), соның ішінде: кітапханашы, жолбасшы, хореограф, медицина жұмысшысы.".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зырян ауданының әкімі Е. Сәлімов
      Келісілді:
      Зырян ауданының
      мәслихат хатшысы Г. Денисова