12.12.2011

Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.07.2019 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2010 жылғы 18 маусымда Санкт-Петербург қаласында жасалған Кеден одағының кеден аумағында еркін (арнайы, айрықша) экономикалық аймақтар және еркін кеден аймағының кедендік рәсімдері мәселелері жөніндегі келісімнің 6-бабын және "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті (А.Ж. Серіков):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрінің орынбасары -


Индустрия және жаңа


технологиялар министрі

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің орынбасары -
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2011 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 454 бұйрығымен
бекітілген

Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай
тізілімін жүргізу жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу жөніндегі нұсқаулық 2010 жылғы 18 маусымда Санкт-Петербург қаласында жасалған Кеден одағының кеден аумағында еркін (арнайы, айрықша) экономикалық аймақтар және еркін кеден аймағының кедендік рәсімдері мәселелері жөніндегі келісімнің 6-бабын және "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленді және Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізуді (бұдан әрі - Тізілім), сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде тұлғаны тіркеуді куәландыратын куәлікті беруді нақтылайды.

2. Тізілімді жүргізу

      2. Тізілімге Қазақстан Республикасының аумағында құрылған барлық арнайы экономикалық аймақтардың (бұдан әрі - АЭА) қатысушылары енгізіледі.

      3. Тізілімді мемлекеттік және орыс тілдерінде осы Нұсқаулыққа 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық саясатты іске асыруға жауап беретін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жауапты бөлімше) жүргізеді.

      4. Жауапты бөлімше АЭА басқарушы органы ұсынған АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасу немесе бұзу туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мәліметтерді Тізілімге енгізеді.

      АЭА қатысушысы ретінде тұлғаны тіркеу туралы мәліметтерді Тізілімге енгізу күні қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасу күні болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 02.09.2014 № 15 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Тізілімді жүргізу өзіне мыналарды:

      1) АЭА қатысушылары туралы мәліметті енгізу (қосу);

      2) АЭА қатысушылары туралы мәліметті көкейкесті ету (жаңарту).

      6. Тізілім мынадай мәліметті қамтиды:

      1) 1 - бағанға АЭА қатысушысының реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) 2 - бағанаға шетелдік заңды тұлға шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша резиденттер емес үшін заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, заңдастырылған сауда Тізілімнің заңды үзінді көшірмесі немесе басқада заңдастырылған құжаты негізінде, резиденттер үшін заңды тұлғаларды тіркеу туралы куәлік негізінде ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын көрсете отырып заңды тұлғаның толық атауы енгізіледі.

      3) 3 - бағанға АЭА қатысушының қысқарған атауы енгізіледі;

      4) 4 - бағанға АЭА қатысушының фирмалық атауы енгізіледі (бар болса);

      5) 5 - бағанға АЭА қатысушының заңды мекен-жайы енгізіледі;

      6) 6 - бағанға АЭА қатысушының тіркелген нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі енгізіледі;

      7) 7 - бағанға қатысушы АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын АЭА атауы енгізіледі;

      8) 8 - бағанға АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы жасасқан келісім шартқа сәйкес АЭА қатысушысы жүзеге асырып жатқан жобаның атауы енгізіледі;

      9) 9 - бағанға тұлғаны АЭА қатысушысы ретінде тіркеу туралы немесе тұлғаны АЭА қатысушы мәртебесінен айыру туралы Тізілімге жазуды енгізу күні енгізіледі;

      10) 10 - бағанға тұлғаны АЭА қатысушысы ретінде тіркеу туралы куәліктің нөмірі енгізіледі;

      11) 11 - бағанға өзге мәлімет енгізіледі.

      7. Тізілімде мазмұндалатын ақпарат мүдделі тұлғалардың сұрау салуы бойынша ұсынылатын, жалпы қол жетімді және АЭА құру, жұмыс жасауы және тарату саласында уәкілетті мемлекеттік органның Ғаламтор-ресурсында орналасады.

3. Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде
тұлғаны тіркеуді куәландыратын куәлікті беруді

      8. Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде тұлғаны тіркеуді куәландыратын куәлік (бұдан әрі - Куәлік) мемлекеттік және орыс тілдерінде осы Нұсқаулыққа 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жауапты бөлімшемен рәсімделеді.

      9. Куәлікте мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) АЭА-ны құру, жұмыс жасау және тарату саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның атауы;

      2) АЭА қатысушысы ретінде тұлғаны тіркеу туралы мәліметтерді Тізілімге енгізу күні мен тіркеу нөмірі;

      3) Куәлікті беру күні;

      4) АЭА атауы;

      5) АЭА қатысушысының атауы;

      6) АЭА қатысушысының орналасқан орны;

      7) басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы және жауапты бөлімшенің мөрі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 02.09.2014 № 15 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. АЭА қатысушысы туралы мәлімет тізілімге енгізілгеннен кейін куәлік АЭА қатысушысына одан әрі беру үшін АЭА басқару органына бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      11. Куәлікті оны алу белгілеу тәсілімен келіп түскеннен кейін АЭА басқару органы бес жұмыс күні ішінде береді.

      12. Куәліктің көшірмесін рәсімдеу Куәлікті қалпына келтіру туралы АЭА қатысушының өтінімі негізінде бүлінген, жоғалған жағдайларда жауапты бөлімшесі жүргізеді.

      13. АЭА қатысушысына төменде келтірілген жағдайлардың біреуі туындаған жағдайда жаңа куәлік беріледі:

      1) АЭА атауының өзгеруі;

      2) АЭА қатысушысының атауының өзгеруі;

      3) АЭА қатысушысының орналасқан жерінің өзгеруі.

      14. Телнұсқа және жаңа Куәлік АЭА қатысушысына осы Нұсқаулықтың 10, 11-тармақтарына сәйкес беріледі.

      Телнұсқаны немесе жаңа Куәлікті беру кезінде АЭА қатысушысы ретінде тұлғаны тіркеу туралы мәліметтер тізілімде тіркеу нөмірі мен енгізу күні өзгермейді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 02.09.2014 № 15 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15. Берілген Куәлік АЭА қатысушысына кері қайтарылады және тиісті мәлімет Тізілімге енгізіледі:

      1) АЭА таратқан;

      2) мерзімнің өтуі немесе қызметті жүзеге асыру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзған.

  Арнайы экономикалық аймақ
қатысушыларының бірыңғай
тізілімін жүргізу нұсқаулығына
1-қосымша

      Нысан

Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімі

п/п

Ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын көрсететін заңды тұлғаның толық атауы

Заңды тұлғаның қысқарған атауы

Заңды тұлғаның фирмалық атауы (бар болса)

Заңды мекен-жайы

СТН (БТН)

Қатысушы АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын АЭА атауы

АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы жасасқан келісім шартқа сәйкес АЭА қатысушысы жүзеге асырып жатқан жобаның атауы

Тұлғаны АЭА қатысушысы ретінде тіркеу туралы немесе тұлғаны АЭА қатысушы статусынан айыру туралы Тізілімге жазуды енгізу күні

Тұлғаны АЭА қатысушысы ретінде тіркеу туралы күәліктің сериясы және нөмірі

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












  Арнайы экономикалық аймақ
қатысушыларының бірыңғай
тізілімін жүргізу нұсқаулыққа
2-қосымша

      Нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 02.09.2014 № 15 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      ___________________________________________________________

      (уәкілетті органның атауы)

Тұлғаны арнайы экономикалық аймақтың
қатысушысы ретінде тіркеу туралы
КУӘЛІК ________________________________

      (тіркеу нөмірі)

      20__ж. "__" __________

      (Тұлғаны арнайы экономикалық, аймақ қатысушысы ретінде тіркеу туралы

      мәліметтерді тізілімге енгізген күн)

      20__ жылғы "__" ____________

      (куәлік берілген күн)

      ____________________________________________________________________

      (арнайы экономикалық аймақтың атауы)

      __________________________________________________________

      (арнайы экономикалық аймаққа қатысушының атауы)

      ___________________________________________________________________

      (арнайы экономикалық аймаққа қатысушының орналасқан жері)

      Жауапты бөлімшенің басшысы

      _______________________________ ___________________

      (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

      МО

      №__________


Дата вступления в силу:  27.12.2011
Дата изменения акта:  01.07.2019
Дата принятия акта:  12.12.2011
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 20.11.2013 ж. № 257 (28196); "Казахстанская правда" от 20.11.2013 г. № 319 (27593)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103017000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  63176
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  454
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  005003000000
Форма акта:  ИНСТ / ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz