30.09.2011

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2000 жылы № 9 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабуережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Ереже 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (бұдан әрі - Азаматтық кодекс), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына әзірленген және Қазақстан Республикасының банктерінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай ұйымның қызметін реттейтін заңында көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайда заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі - банктер) клиенттердің банктік шоттарын ашу, ашудан бас тарту, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Ережеде Азаматтық кодексте, Салық кодексінде, «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Төлемдер туралы заң) көзделген ұғымдар пайдаланылады.»;
      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Банктік шоттар ағымдағы, жинақ және корреспонденттік шоттар болып бөлінеді, осы Ереженің 37-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, теңгемен және сол сияқты шетел валютасымен ашылады және жүргізіледі.»;
      6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-1. Банктік шоттарды ашудан бас тарту Салық кодексінде, Төлемдер туралы заңда, «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша, сондай-ақ осы Ережеде көзделген құжаттар ұсынылмаған не клиент пен банк арасында мәміле жасалмаған жағдайларда жүзеге асырылады.»;
      11-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:
      осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат;
      клиентті салық төлеуші ретінде тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) не филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      жарғының (оқшауланған бөлімшелер үшін - Ереженің) не үлгі жарғының негізінде клиенттің қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
      клиенттің банктік шотын жүргізуге (банктік шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жасау кезінде осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
      қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттігін растайтын, орыс және/немесе мемлекеттік тілдерде нотариат куәландырған құжаттар (қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін);
      заңды тұлғаның филиалдың немесе өкілдіктің басшысына берген сенімхаттың көшірмесі (өзге нысандағы заңды тұлғалардың филиалдары және өкілдіктері үшін);
      мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін - бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органның рұқсаты;»;
      2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке басын куәландыратын құжат;»;
      2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1) Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары және адвокаттар үшін:
      жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат не жеке сот орындаушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер көрсетілетін және салық қызметі органы берген, клиентті жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды растайтын құжаттың болуы не мұндай құжаттың болмауы туралы белгі қойылатын банк белгілеген нысан бойынша банктік шотын ашу туралы өтініш;
      қол қою үлгісі бар құжат;
      жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары үшін - салық қызметі органы берген, клиентті жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде тіркеу есебіне қоюды растайтын құжаттың көшірмесі;
      клиентті салық төлеуші ретінде тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
      жеке басын куәландыратын құжат;
      жеке нотариустар үшін - нотариалдық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі;
      адвокаттар үшін - адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі;
      жеке сот орындаушылары үшін - атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының резидент емес жеке тұлғалары үшін:
      жеке басын куәландыратын құжат;
      клиентті салық төлеуші ретінде тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;»;
      4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1) Қазақстан Республикасының резидент еместері жеке кәсіпкерлер үшін:
      жеке кәсіпкер ретінде қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер көрсетілетін және салық қызметі органы берген, клиентті жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды растайтын құжаттың болуы не мұндай құжаттың болмауы туралы белгі қойылатын банк белгілеген нысан бойынша банктік шотын ашу туралы өтініш;
      қол қою үлгісі бар құжат;
      жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс жеке кәсіпкерлер үшін - салық қызметі органы берген, клиентті жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды растайтын құжаттың көшірмесі;
      клиентті салық төлеуші ретінде тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
      жеке басын куәландыратын құжат;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) таратылатын банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, олардың филиалдары үшін:
      тарату комиссиясының қол қою үлгілері және таратылатын клиенттің мөр таңбасы бар құжат;
      клиентті салық төлеуші ретінде тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
      клиентті тарату және тарату комиссиясын тағайындау туралы (сот, уәкілетті орган не акционерлердің жалпы жиналысы) шешімінің көшірмесі;
      уәкілетті органның банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған не сақтандыру қызметін, зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыру туралы шешімінің көшірмесі;»;
      7) тармақшада:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «клиентті салық төлеуші ретінде тіркеу фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;»;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жасау кезінде осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.»;
      2-тарау мынадай мазмұндағы 11-2-тармақпен толықтырылсын:
      «11-2. Жеке тұлға (бұдан әрі - өкіл) клиент-жеке тұлғаның атына ағымдағы шот ашуы үшін өкіл банкке осы Ереженің 11-тармағының 2) немесе 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) заңнамаға сәйкес уәкілетті тұлғаға (ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдерге) сенімхатты ұсыну талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, ағымдағы шотты ашу және (немесе) иелік ету құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;
      2) өкілдің жеке басын куәландыратын құжат.»;
      17-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:
      осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат;
      клиентті салық төлеуші ретінде тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) не филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      жарғының (оқшауланған бөлімшелер үшін - Ереженің) не үлгі жарғының негізінде клиенттің қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
      клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жасау кезінде осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
      қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттігін растайтын, орыс және/немесе мемлекеттік тілдерде нотариат куәландырған құжаттар (қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін);
      заңды тұлғаның филиалдың немесе өкілдіктің басшысына берген сенімхаттың көшірмесі (өзге нысандағы заңды тұлғалардың филиалдары және өкілдіктері үшін);»;
      2) тармақшада:
      үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «жеке кәсіпкерлер үшін - жеке кәсіпкер ретінде қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер көрсетілетін және салық қызметі органы берген, клиентті жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды растайтын құжаттың болуы не мұндай құжаттың болмауы туралы белгі қойылатын банк белгілеген нысан бойынша банктік шотын ашу туралы өтініш;»;
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс жеке кәсіпкерлер үшін - салық қызметі органы берген, клиентті жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды растайтын құжаттың көшірмесі;»;
      4) тармақшада:
      үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «жеке кәсіпкерлер үшін - жеке кәсіпкер ретінде қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер көрсетілетін және салық қызметі органы берген, клиентті жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды растайтын құжаттың болуы не мұндай құжаттың болмауы туралы белгі қойылатын банк белгілеген нысан бойынша банктік шотын ашу туралы өтініш;
      жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс жеке кәсіпкерлер үшін - салық қызметі органы берген, клиентті жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды растайтын құжаттың көшірмесі;»;
      18-тармақтың 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «жинақ шотын ашқан кезде осындай құжатты ұсыну талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, клиенттің салық төлеуші ретінде тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесі;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) не филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;»;
      19-3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат/қол қою үлгісі бар құжат;»;
      мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
      «20-1. Клиент - жеке тұлға банктік шотты ашқан кезде, егер банк пен клиент арасындағы банктік қызмет көрсету шартында мұндай талаптар көзделмесе, кәсіпкерлік, адвокаттық, жеке нотариалдық қызметпен, сондай-ақ жеке сот орындаушысы қызметімен байланысты операциялардың банктік шоты бойынша жүргізілмегені туралы мәліметтер көрсетілетін, банк белгілеген нысан бойынша банктік шот ашу туралы өтініш ұсынады.»;
      21-1-тармақ алып тасталсын;
      22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың (кәмелетке толмаған клиенттің тууы туралы куәлігінің) түпнұсқасынан басқа, шот ашу үшін клиент берген құжаттар банкте әрбір клиент бойынша арнайы ашылған істе шарттың түпнұсқасымен не клиенттің үлгі шартқа қосылу туралы өтінішімен және клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың (кәмелетке толмаған клиенттің тууы туралы куәлігінің) көшірмесімен бірге тігіліп, сақталуға тиіс»;
      23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Резидент еместі қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, жеке кәсіпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, шетелдікке және азаматтығы жоқ тұлғаға жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банктік шоттарды, резидент емес заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың жинақ шоттарын және (немесе) шетелдік корреспондент банктердің корреспонденттік шоттарын қоспағанда, банктік шот ашылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей банктер тиісті салық қызметі органдарын хабарларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы көрсетілген шоттарды ашу туралы, сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, хабардар етеді.»;
      26-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банк клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті органның өкімін орындамастан, мынадай негіздердің бірі бойынша:
      1) банктің және оның клиентінің деректемелері клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті органның өкімінде көрсетілген деректемелеріне сәйкес болмаған жағдайда;
      2) егер клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті органның өкімі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5585 тіркелген, «Өкімдердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына сәйкес келмейтін нысанда ресімделсе және ұсынылса, тиісті уәкілетті органға қайтарады.»;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Уәкілетті органдардың банктік шоттағы шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері, клиенттің осындай шотындағы ақшаға тыйым салу туралы уәкілетті органдардың шешімдері (қаулылары) банкке түскен кезде банк оларды Азаматтық кодексте, Салық кодексінде және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңында көзделген тәртіппен және жағдайларда орындайды.»;
      31-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «31-1. Қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжаттың (қол қою үлгісі бар құжаттың) «Банктің белгісі» бағанында банктің уәкілетті тұлғасы бірінші не бірінші және екінші қол қою құқығы бар тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарының деректерін және банктің ішкі ережелерінде айқындалған өзге мәліметтерді көрсетеді.»;
      35-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Бұл норма клиенттің ісі банкте электрондық түрде қалыптастырылған және электрондық досье жүргізілетін жағдайларға қолданылмайды.»;
      5-тарау мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
      «36-1. Қол қою және мөр таңбасының үлгілері бар, әрбір уәкілетті тұлғаға жеке-жеке не бірнеше уәкілетті тұлғаға ресімделген, қол қою және мөр таңбасының үлгілері бар құжаттардан тұратын құжатты, клиенттің осындай құжаттарды қол қою және мөр таңбасының үлгілері бар бір құжат ретінде қабылдау туралы жазбаша өтінішін банкке ұсыну шартымен ресімдеуге жол беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:
      «37-1. Уақытша жинақ шоты теңгемен ашылады.»;
      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «43. Банктік шотты:
      1) шот:
      заңды тұлға клиентті таратуға немесе қайта ұйымдастыруға;
      жеке және заңды тұлғаның шотында бір жылдан астам уақыт ақша болмауына;
      жеке және заңды тұлғаның шотында бір жылдан астам уақыт ақша қозғалысының болмауына;
      клиенттің банктік шоты ашылған банкті таратуға;
      жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге берілген лицензиядан айырған жағдайда, клиенттің банктік шоты ашылған банкті қайта ұйымдастыруға байланысты жабылған жағдайларды қоспағанда, банктік шотқа орындалмаған талаптар, оның ішінде банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдері, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды тұлғалардың шешімдері (қаулылары) болған жағдайда жабуға жол берілмейді. Банктік шоттың иесіне шоттағы ақша қозғалысының болмауы және хабарлаған күннен бастап үш ай өткен соң оны жабатындығы туралы хабарлайды. Егер хабарлаған күннен бастап үш ай ішінде шоттың иесі шот бойынша операцияларды жаңартпаса, банк Азаматтық кодекстің 291-бабына сәйкес нотариустың депозитіне ақша қалдығын аудара отырып, банктік шот шартын біржақты тәртіппен бұзады және шотты жабады.»;
      44-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «44. Резидент еместі қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, жеке кәсіпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, шетелдікке және азаматтығы жоқ тұлғаға жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банктік шоттарды, резидент емес заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың жинақ шоттарын және (немесе) шетелдік корреспондент банктердің корреспонденттік шоттарын қоспағанда, банктік шоттарды жапқаннан кейін олар жабылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей банктер тиісті салық қызметі органдарын хабарларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы олардың жабылғаны туралы, сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, хабардар етеді.»;
      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «46. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің банктік шотын банк бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган осы мемлекеттік мекеменің банктік шотын ашуға берген рұқсатты қайтарып алған жағдайда жабады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Министр__________Б. Жәмішев
      2011 жыл 14 қараша


Дата вступления в силу:  09.12.2011
Дата изменения акта:  31.08.2016
Дата принятия акта:  30.09.2011
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетені, N 2, 2012 ж., 429-құжат
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  117000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  62119
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  132
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  006004000000 / 006005000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz