"Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым туралы ережені және Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардағы ішкі тәртіп қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 383 бұйрығына өзгер

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрдің м.а. 2011 жылғы 3 қарашадағы № 770 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 29 қарашада № 7316 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.12.2020 № ҚР ДСМ-237/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы" 1995 жылғы 7 сәуiрдегі № 2184 Қазақстан Республикасының Заңына және, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының, 3-тармағының, 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым туралы ережені және Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардағы ішкі тәртіп қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7048 тіркелген және "Юридическая газета" газетінде 2011 жылғы 4 тамыздағы № 111 (2101) жарияланған) 2011 жылғы 10 маусымдағы № 383 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдар туралы қағидасында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Наркологиялық ұйым мен оның жұмыс режимі алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын наркологиялық науқастардың (бұдан әрі - наркологиялық науқастар) психикалық жағдайын өзгертетін заттардың (алкоголь, есірткілер, психикаға белсенді әсер ететін басқа да заттар) наркологиялық ұйым аумағына кіруін мүлдем болдырмайды".

      9-тармақ мына редакцияда жазылсын:

      9. Наркологиялық ұйымдар мынадай міндеттерді орындайды:

      1) соттың шешімі бойынша наркологиялық науқастарға мәжбүрлеп емдеуді оңалтуды қолдана отырып, оларды қабылдау, диагностикалау, емдеуді жүзеге асыру;

      2) наркологиялық науқастарды диагностикалау мен емдеудің, оңалтудың жаңа ұйымдастыру нысандарын, қазіргі заманғы құралдары мен әдістерін игеру және практикаға енгізу;

      3) наркологиялық науқастарды емдеу және динамикалық бақылау мәселерінде наркологиялық ұйымдармен сабақтастықты қамтамасыз ету;

      4) тәрбиелік және емдеу мақсатындағы еңбек терапиясын жүзеге асыру".

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      10. Наркологиялық ұйымдар мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) соттың шешімімен мәжбүрлеп емдеуге арналған қолдана отырып емдеу үшін жатқызылған наркологиялық науқастарға консультация, уақтылы диагностикалық, емдеу іс-шараларын өткізу;

      2) осы бұйрыққа, 6-тармаққа сәйкес есепке алу және есептілік құжаттарын жүргізу;

      3) көрсетілген диагностикалық, емдеу көмектерінің тиімділіктеріне талдау жасау;

      4) психикалық белсенді заттарды тұтынудың салдарынан психикалық және мінез-құлықтық бұзылулары бар науқастарды шығару, емделіп шығушы науқастарға одан әрі динамикалық бақылау жасау мен емдеуде сабақтастық болуы үшін мәліметтер беру мәселелері бойынша наркологиялық ұйымдармен тұрақты өзара іс-қимылда қолдау көрсету;

      5) осы бұйрыққа 6-тармаққа сәйкес есепке алу құжаттарын статистикалық өңдеу негізінде наркологиялық ұйымда наркологиялық науқастарға емдеу көмегінің жағдайына жыл сайынғы мониторинг жүргізу;

      6) бақылау-өткізу тәртібін, сыртқы күзетті, науқастарды жоспарлы және кезектен тыс тексеруді және құқыққа қайшы келетін іс-әрекеттердің уақтылы жолын кесуді ұйымдастыру жолымен науқастардың күзетуін қамтамасыз ету;

      7) наркологиялық ұйым көлемінде еңбек терапиясын ұйымдастыру жолымен мәжбүрлеп емдеудегі наркологиялық науқастарға емдеу-еңбек ету арқылы ықпал етуді жүзеге асыру;

      8) қашудың, дене жарақаттарын салудың, режимді жаппай бұзушылықтардың алдын алуды жүзеге асыру".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Г. Төлеғалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Заң қызметті мемлекеттік сатып алу және департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпараттық құралдарда ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы

С. Мусинов