26.08.2011

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына өз

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есепті жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
      1-тарауда:
      1661-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «1662 Инвестициялық мүлік»;
      2-тарауда:
      2864-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «2865 Шығарылған электрондық ақша бойынша міндеттемелер»;
      5-тарауда:
      5753-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «5754 «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына жарналар түріндегі шығыстар»;
      8-тарауда:
      1201-шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған бағалы қағаздардың сатылған кездегі құнын есептен шығару, сондай-ақ олардың құнын № 1202 баланстық шотқа жатқызу немесе бағалы қағаздарды басқа санатқа аудару жазылады.»;
      1452-шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шоттың мақсаты: Нарықтағы сыйақы ставкалары, бағалы қағаздар бойынша кірістілік, өтімділікті ұстап тұру қажеттілігі өзгерген жағдайда сатылуы мүмкін бағалы қағаздардың құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сату үшін қолда бар бағалы қағаздардың құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған бағалы қағаздардың сатылған кездегі құнын есептен шығару, сондай-ақ олардың құнын № 1459 баланстық шотқа жатқызу немесе бағалы қағаздарды басқа санатқа аудару жазылады.»;
      1661-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1662-шоттың атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «1662. Инвестициялық мүлік (актив).
      Шоттың мақсаты: Инвестициялық мүліктің, сондай-ақ оларды мақсаты бойынша пайдалануы үшін жұмыс күйіне келтірумен тікелей байланысты шығыстардың құнын ипотекалық ұйымдардың есепке алуы.
      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық мүліктің, сондай-ақ оларды мақсаты бойынша пайдалану үшін жұмыс күйіне келтірумен тікелей байланысты шығыстардың құны, сондай-ақ қайта бағалаудың оң сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық мүліктің, ол істен шыққан немесе пайдаланудан біржолата алынған кездегі құнын есептен шығару, сондай-ақ қайта бағалаудың теріс сомасы жазылады.»;
      2864-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 2865-шоттың атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «2865. Шығарылған электрондық ақша бойынша міндеттемелер (пассив).
      Шоттың мақсаты: Эмитент банктің шығарылған электрондық ақша бойынша міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша жеке тұлғалардан немесе эмитент банктің агенттерінен алынған ақша сомалары шегінде банк шығарған электрондық ақша сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша электрондық ақшаның сомаларын оларды өтеген кезде есептен шығару жазылады.»;
      5753-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 5754-шоттың атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «5754. «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына жарналар түріндегі шығыстар.
      Шоттың мақсаты: «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды жүзеге асыру бойынша шығыстар сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше
жарналарды жүзеге асыру бойынша шығыстар сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                     Г. Марченко


Дата вступления в силу:  06.10.2011
Дата изменения акта:  26.08.2011
Дата принятия акта:  26.08.2011
Информация об официальном опубликовании акта:  "Заң газеті" 2011 жыл 27 қазан N 157 (1973)
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  117000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  60779
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  109
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  006010000000 / 006005000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz