29.09.2011

Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемді есептеу әдістемесін бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 22.12.2016 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдесіндегі Заңның 9-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес,БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемді есептеу әдістемесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (Р.Р.Нұршабеков) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткен соң, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі С.С.Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                       А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы 
Байланыс және ақпарат  
министрінің       
2011 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 259 бұйрығымен   
бекітілген       

Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық
төлемді есептеу әдістемесін бекіту туралы

1. Жалпы ережелер

      1. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемді есептеу әдістемесінің (бұдан ары - Әдістеме) мақсаты Қазақстан Республикасында радиожиілік спектрін (бұдан әрі – РЖС) пайдалану үшін алынатын жылдық төлемді есептеудің әдісі мен экономикалық үлгісін жасау болып табылады және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының радио қызметтері арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы жиілік белдеулерін бөлу Кестесін бекіту туралы" және 2002 жылдың 21 тамызындағы "Қазақстан Республикасында радиожиілік спектрін пайдалану кезіндегі кейбір сұрақтарды бекіту туралы" қаулыларына; радиожиілік спектрін басқару кезіндегі халықаралық тәжіриебиеге сүйене отырып жасалды.

2. РЖС пайдалану үшін жылдық төлемді есептеудің
жалпы тәртібі және үлгісі.

      2. РЖС пайдаланғаны үшін жылдық төлемді есептеудің тәртібі:
      1) әрбір жиілікті тағайындаудың (ЖТ) қамтитын РЖР көлемін есептеу (өлшеу);
      2) республика аумағындағы ЖТ бойынша РЖР көлемінің жалпы қосындысы;
      3) РЖС басқару кезіндегі мемлекеттік шығынын бағалау;
      4) РЖС бірлігін жиілік тағайындау кезіндегі РЖС басқару шығынға, РЖС жалпы қосындысына бөлу арқылы анықтау;
      5) РЖС пайдаланғаны үшін жылдық төлемді жиіліктік тағайындау кезіндегі бір РЖС үшін төлем құнын РЖС көлеміне көбейту арқылы есептеу әдістеменің 1 қосымшасында;

3. РЖС көлемін есептеу механизмі

      3. i –ші ЖТ үшін РЖР жылдық көлемінің келесі формуламен анықталады:

V РЧС (i) = FF(i)TF(i)OF(i)T(i),      (Ф.1)

      мұнда:
      FF (i) - жиілік факторы,
      ТF (i) - аумақтық фактор,
      ОF (i) - әлеуметтік-экономикалық фактор,
      Т (i) – уақыт факторы.

      4. Жиілік факторы келесідей анықталады:

FF(i) = f(i)/Kf(i),                   (Ф.2)

      мұнда:
      f(i)– қолданыстағы радиожиілік спектрінің физикалық көлемі, МГц бойынша;
      i – пайдаланушының ЖТ реттік нөмірі,
      Kf(i)>1 –құрылғыны өндірушілермен мен пайдаланушылардың жоғары жиіліктердегі жұмысын ынталандыру коэффициенті.
      Kf(i) коэффициентінің мәні 2 қосымшада көрсетілген

      5. Аумақтық фактор мына жолмен анықталады:

TF(i)=S(i)Q(i)R(i)               (Ф.3)

      мұнда:
      S(i)i ЖБ үшін РЭҚ қамтамасыз етілетін теоретикалық аудан (кв.м бойынша), ХЭО ұсынысы бойынша есептеледі. Бұл орталығында антеннаның биктігі және жиілігіне байланысты белгіленген сәуле шығару күші бар, изотропты сәуле шығарғыш орнатылған аумақ көлемі. Сәуле шығару аумағының шегі қабылдау нүктесіндегі дабыл күшінің деңгейімен есептеледі (мысалы – 120 дБ/Вт, шу деңгейінде);
      Q(i)>1 Халықтың тығыз орналасуының шексіз коэфициенті Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің мәліметтеріне негізделе есептеледі;
      R(i) >1 – халықтың және заңды тұлғалардың төлем қабілетін есепке алатын шексіз коэффициент. Ол коэффициент жалпы ішкі аумақтық өнімнің адам басына шаққандағы және жалпы аумақтық инвестицияның адам басына шаққандағы көрсеткіштеріне негізделе есептеледі.
      6. Радиоэлектрондық құралдың қамту аумағының теориялық көлемін бағалау және S(i) есебінің әдістемесі:
      1) таратушының қуаты, жұмыс диапазонының орталық жиілігі мен таратушы антеннаның аспасының биіктігі бойынша ұсынылған. Статистикалық үлгілердің негізінде қамту аймағының радиуысын есептейміз, содан кейін қамтудың айналма аймағының ауданын есептейміз;
      2) эгля моделі – орташа шығындарды болжайтын негізгі стастикалық модель. Алғашқыда ауылдық аймақ сияқты тегіс емес беткейдің эмпирикалық тәуелділік шығынын анықтауда қолданылғанына қарамастан, қазірде қалада және ауылдық аймақтағы шығындарды болжау үшін қолданылады. Эгля моделі тегіс емес беткейдегі дифракцияға кететін шығынды ескермейді. Эгляға сүйенсек таралудың орта шығыны мына формула бойынша есептеледі:

       (Ф.4)

      мұнда:
      f – жиілік, МГц;
      d – таратқыштан қабылдау нүктесіне дейінгі қашықтық, км;
      hb, hm – базалық және мобильды станциялардың антеннасының тиімді биіктігі, метрмен;
      3) қамту зонасының аумағын бағалағанда ол зонаның радиусы орташа шығындағы теңгеруде (Ф.4) L = (90-120) дб/Вт және қабылдауыш антеннасының тиімді биктігінде hm = 1 м болған;
      4) Q(i) мәні және R(i) мәні Әдістеменің 3 және 4 қосымшаларында көрсетілген.
      7. Әлеуметтік-экономикалық фактор келесідей анықталады:

              (Ф.5)

      мұнда:
      H(i) >1 - i ЖБ қолдану бағытындағы коммерциялық тартымдылығын көрсететін коэффициент.
      Н=2 лицензия негізінде қызмет көрсетуші байланыс операторлары, РЖР–ды коммерциялық негізде пайдаланушылар, байланыс операторлары емес Н=1,5, Н=1 РЖР–ды бюджеттік тұтынушылар.
      M(i)>1 - i БЖ жұмыс жасалатын аумақта радиобақылауды қамтамасыз етудің қиындықтары мен көп еңбек талап ететіндігін көрсететін коэффициент.
      8. i БЖ жұмыс жасалатын аумақта радиобақылауды қамтамасыз етудің қиындықтары мен көп еңбек талап ететіндігін көрсететін коэффициент мәні 5 қосымшада көрсетілген.
      W(i)>1 - i БЖ әрекетін пайдаланудың әлеуметтік маңыздылығын ескеретін коэффициент.
      E(i)>1 – РЖС-ын бірінші немесе екінші негізде пайдалануға беру шарттарын ескеретін коэффициент
      Е=1 РЖС–ын бірінші негізде пайдаланушылар үшін
      Е=2 - РЖС–ын екінші негізде пайдаланушылар үшін
      Формуладағы (1) T(i) – бұл барлық ЖТ үшін бір жылға тең уақыт.
      9. i ЖТ әрекетін пайдаланудың әлеуметтік маңыздылығын ескеретін коэффициент мәні Әдістеменің 6 қосымшасында көрсетілген.
      10. Барлық жоғарыдағы факторларды ескергендегі РЖР-ның физикалық және экономикалық көлемінің арасындағы байланыс төменде көрсетілген:

        (Ф.6)

      1) Әдістеменің 7 қосымшасында АЭК кіретін түрлі тұтынушылар тобының коэффициентінің мәні келтірілген. Егер бұл кестеде әріптік мәні берілсе, онда оның мөлшері жоғарыда көрсетілгендей тиісті кестелер мен қосымшалардан алынған. Басқа жағдайларда коэффициент мәні бірлікке тең етіп қарастырылады.
      2) мемлекеттегі барлық жиілік тағайындаулар үшін РЖС-дың жалпы жылдық мөлшері төмендегі формула бойынша анықталады:

Vc ЖТ = VРЖС(i),                     (Ф.7)

      мұнда i 1-ден n-ге дейінгі мәнге ие болады (n – ҚР барлық ЖТ саны).

4. Радиожиілік органының жылдық шығындарының есебі

      11. Радиожиілік органдарының (РЖО) жалпы жылдық шығындары төмендегіге байланысты:
      1) РЖС пайдалануды жоспарлау жұмыстары;
      2) нормативті құжаттардың әзірленуі;
      3) радиожиілік тапсырыстарының экспертизасы, азаматтық қолданыстағы РЭҚ үшін тиісті мекемелермен таңдау және келістіру жүргізу жұмыстары, радиожиілікті пайдалану үшін рұқсаттаманы рәсімдеу;
      4) шет елдерден РЭҚ (ЖЖҚ) сату/сатып алу, елге кіргізу үшін берілетін тапсырыстарды сараптау және рұқсаттаманы рәсімдеу;
      5) әрекет етуші РЭҚ-тардың сәуле шығару параметрлерін өлшеу және электромагниттік үйлесімдігін қамтамасыз ету жұмыстары;
      6) радиобайланыс, теледидар, лицензияланатын байланыс қызметтері үшін пайдалануға берілетін радиожиіліктерге техникалық қорытынды даярлау;
      7) телерадиоқабылдауда болатын кедергілерді бақылау және жою мақсатында жүргізілетін іс-шаралар;
      8) ЭМҮ параметрінде азаматтық қолданыс үшін РЭҚ (ЖЖҚ) өндіруге стандарттарды, техникалық тапсырыстарды сараптау және келістіру;
      9) РЭҚ және жиіліктерді белгілеу бойынша халықаралық координация, тіркеу жұмыстарын жүргізу;
      10) ХЭО радиобайланыс Регламентімен орнатылған форма бойынша азаматтық қолданыстағы кемелерде радиожабдықты орнату және пайдалану үшін берілетін рұқсаттаманы рәсімдеу;
      11) тұтынушылардың радиоэлектрондық құралдарымен бөлінген радиожиілік ресурсының әрдайым эксплуатациялық дайындықта болуын қамтамасыз ету;
      12) ХЭО, БАД және тағы да басқа халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;
      12. Ол шығындар Сбақылау белгіленеді және мына формула бойынша анықталады:

      Сбақылау = С1 + С2 + С3 + С4 +С5 +С6 +С7 + С6 +С7, (Ф.8)

      мұнда:
      С1 – РЖО қызметкерлеріне берілетін айлық жалақысының шығындары;
      С2 – ағымдағы эксплуатациялық шығындар (транспорттық, байланыс қызметі, ғимарат және құрылғылар жалдау, өзге ұйымдардың қызметі, коммуналдық төлемдер, іссапар шығындары, қосымша қызметкерлердің жалақысы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер, өзге де шығындар);
      С3 – радиожиілік спектрін пайдалануды жоспарлау және техникалық радиобақылау жүргізу үшін қолданылатын құралдар мен саймандардың амортизациясына бөлінетін шығындар;
      С4 – салықтар;
      С5 – РЖО қызметкерлерін оқытуға бөлінетін шығындар;
      С6 – ХЭО ұсыныстары мен өзге құжаттарын, ғылыми–зерттеу жұмыстары, нормативті–техникалық құжаттарды алуға кететін шығындар;
      С7 – Халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу.

      Барлық РЖО шығындарын есептеу бір форматта жүргізілуі керек. Барлық филиалдар бойынша шоғырландырылған кесте жасау қажет.

5. РЖС бірлігі үшін бағасының есебі

      13. РЖС бірлігінің бағасы мына формула бойынша анықталады:

                                 (Ф.9)

      мұнда:
      Сбақылау (9) формула бойынша анықталады;
      VЖБ-дан – елдегі барлық ЖБ үшін РЖР–дың жалпы мөлшері (МГц*кв.км*жыл).
      Жыл сайын радиожиілік органы мониторинг процессінде әрекет етуші ЖБ үшін РЖС көлемін сараптайыды, VсЖБ өзгеріс енгізеді; радиожиілікті пайдаланудың бақылау жүйесіне кететін ағымдағы шығын сметасын анықтап, сонан соң формула (10) бойынша РЖР бірлігінің бағасы есептеліп шығарылады.

6. Жылдық төлем мөлшерлерінің есебі

      14. Тиісті рұқсаттама құжаттарындағы әр ЖТ үшін жылдық төлем мөлшері мына формула бойынша анықталады:

      П(i) = РРЖСVРЖР(i),                        (11)

      мұнда:
      РРЖС - РЖС бірлігі үшін бағасы;
      VРЖС(i) – i ЖТ-дың жылдық РЖС көлемі;

Радиожиілік спектрін     
пайдаланғаны үшін жылдық  
төлемді есептеу әдістемесінің
1 Қосымшасы         

Радиожиілік спектрін пайдалану үшін жылдық төлем ақы әдістемесінің жалпы тәртібі


әрбір ЖТ қамтитын РЖС көлемін есептеу



Барлық ЖТ бойынша РЖС көлемінің жалпы қосындысы Vс жт



РЖС пайдалануды басқаруға кеткен шығынды анықтау С бақылау



Бір РЖСР құнын анықтау Р ржс = C бақылау/Vc жт



Бір ЖТ пайдалануға төленетін жылдық төлемді анықтау П (і) = Р ржс* Vржс(і)


Радиожиілік спектрін    
пайдаланғаны үшін жылдық  
төлемді есептеу әдістемесінің
2 Қосымшасы       

Жоғары жиілікті пайдалануға ынталандыратын
Kf(i) коэффициентінің мәні

Жиілік ауқымы, МГц

Kf(i)

-

1,00

1 000

1,00

10 000

1,09

20 000

1,19

30 000

1,29

40 000

1,39

50 000

1,49

60 000

1,59

70 000

1,69

80 000

1,79

90 000

1,89

100 000

1,99

110 000

2,09

120 000

2,19

130 000

2,29

140 000

2,39

150 000

2,49

160 000

2,59

170 000

2,69

180 000

2,79

190 000

2,89

200 000

2,99

210 000

3,10

220 000

3,20

230 000

3,30

240 000

3,40

250 000

3,50

260 000

3,60

270 000

3,70

280 000

3,80

290 000

3,90

300 000

4,00

310 000

4,10

320 000

4,20

330 000

4,30

340 000

4,40

350 000

4,50

360 000

4,60

370 000

4,70

380 000

4,80

390 000

4,90

400 000

5,00

Радиожиілік спектрін      
пайдаланғаны үшін жылдық   
төлемді есептеу әдістемесінің
3 қосымшасы          

Халық тығыздығын ескеретін Q(i) коэффициентінің мәні

Халық тығыздығы, кв.км/адам

Q(i)

1

2

2.39

1.00

100

1.08

200

1.17

300

1.25

400

1.34

500

1.43

600

1.51

700

1.60

800

1.68

900

1.77

1 000

1.85

1 100

1.94

1 200

2.02

1 300

2.11

1 400

2.19

1 500

2.28

1 600

2.37

1 700

2.45

1 800

2.54

1 900

2.62

2 000

2.71

2 100

2.79

2 200

2.88

2 300

2.96

2 400

3.05

2 500

3.14

2 600

3.22

2 700

3.31

2 800

3.39

2 900

3.48

3 000

3.56

1

2

3 100

3.65

3 200

3.73

3 300

3.82

3 400

3.90

3 500

3.99

3 600

4.08

3 700

4.16

3 800

4.25

3 900

4.33

4 000

4.42

4 100

4.50

4 200

4.59

4 300

4.67

4 400

4.76

4 500

4.85

4 600

4.93

4 681

5.00

Радиожиілік спектрін  
пайдаланғаны үшін жылдық
төлемді есептеу   
әдістемесінің    
4 Қосымшасы     

Халықтың төлем қабілетін ескеретін R(i) коэффициентінің мәні

Халықтың төлем қабілеті (адам/мың теңге)

R(i)

406.99

1.00

500.00

1.12

600.00

1.25

700.00

1.38

800.00

1.50

900.00

1.63

1 000.00

1.76

1 100.00

1.89

1 200.00

2.02

1 300.00

2.14

1 400.00

2.27

1 500.00

2.40

1 600.00

2.53

1 700.00

2.66

1 800.00

2.79

1 900.00

2.91

2 000.00

3.04

2 100.00

3.17

2 200.00

3.30

2 300.00

3.43

2 400.00

3.55

2 500.00

3.68

2 600.00

3.81

2 700.00

3.94

2 800.00

4.07

2 900.00

4.20

3 000.00

4.32

3 100.00

4.45

3 200.00

4.58

3 300.00

4.71

3 400.00

4.84

3 500.00

4.97

3 527.22

5.00

Радиожиілік спектрін    
пайдаланғаны үшін жылдық   
төлемді есептеу әдістемесінің
5 Қосымшасы       

Радиобақылауды қамтамасыз етудің қиындықтары мен көп еңбек талап ететіндігін көрсететін коэффициент

Пайдаланушы категориясы М

Жылжымалы радиобайланыс үшін РЖР пайдаланушылар

2.00

Телехабар тарату үшін РЖР пайдаланушылар

1.50

Өзге барлық тұтынушылар

1.00

Радиожиілік спектрін   
пайдаланғаны үшін жылдық  
төлемді есептеу әдістемесінің
6 Қосымшасы       

РЖС пайдаланудың әлеуметтік маңыздылығын ескеретін коэффициент

РЖС пайдалануының бағыттар

W

1

Бизнес

1.00

2

Радио

1.27

3

Іргелі ғылыми зерттеулер

1.55

4

Гидро - метеоқызмет

1.82

5

Табиғатты қорғау және экология

2.09

6

ІІМ қызметі

2.36

7

ТЖМ қызметі және өрт қауіпсіздігі

2.64

8

Барлық көлік түрлерінің және теңіздегі кеме қатынасы қауіпсіздігі

2.91

9

Теледидар

3.18

10

Денсаулық сақтау

3.45

11

Қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік

3.73

12

Мемлекеттік бақылау

4.00

Радиожиілік спектрін    
пайдаланғаны үшін жылдық  
төлемді есептеу әдістемесінің
7 Қосымшасы        

АЭК кіретін түрлі тұтынушылар тобының коэффициентінің мәні келтірілген

Пайдаланушылар тобы

Kf

Q

R

H

M

W

E

1

Байланыс қызметін көрсететін жалпы пайдаланыстағы желілердің және бөлінген байланыс желісінің байланыс операторлары

Kf

Q

R

H

M

W

E

2

Бюджет заңнамасына сәйкес түрлі деңгейдегі бюджеттен қаржыландырылмайтын коммерциялық ұйымдардың өндірістік іс-әрекетін қамтамасыз ететін және өндірістегі технологиялық процесстерді басқаратын технологиялық байланыс желілерінің Иелері

Kf

1

R

H

M

W

E

3

Бюджет заңнамасына сәйкес түрлі деңгейдегі бюджеттен қаржыландырылатын коммерциялық ұйымдардың өндірістік іс-әрекетін қамтамасыз ететін және өндірістегі технологиялық процесстерді басқаратын технологиялық байланыс желілерінің Иелері

Kf

1

1

1

M

W

E

4

Бюджет заңнамасына сәйкес түрлі деңгейдегі бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік басқарма шаралары, ел қорғанысы, мемлекет қауіпсіздігі және құқық тәртібін орнату мақсатында қолданылатын арнайы байланыс желілерінің иелері

Kf

1

1

1

M

W

E

5

РЖР–ды қандай да бір материалды мүддемен емес тек жеке мақсаттары үшін (өзін-өзі жетілдіру, өзара байланыс, техникалық зерттеулер) қолданатын тұтынушылар

Kf

1

1

1

M

W

E


Дата вступления в силу:  06.10.2011
Дата изменения акта:  22.12.2016
Дата принятия акта:  29.09.2011
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 8 мамырдағы № 216-221 (27295); "Казахстанская правда" от 08.05.2012 г., № 130-131 (26949-26950)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103020000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  60887
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  295
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  010004000000 / 006011000000
Форма акта:  ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz