30.03.2011

Оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу ережесін бекіту туралы

      Ескерту.  Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2011.10.28 № 570 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 34-бабының 7) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу ережесі бекітілсін.
      2. Мыналардың:
      1) «Оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 223-б бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4963 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылы қыркүйек-қазанда жарияланған);
      2) «Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің Уақытша орналастыру орталығында болу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі және міндетін атқарушысының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 223-б және «Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы» 27 қыркүйектегі № 225-б бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 12 тамыздағы № 275-б (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6456 болып тіркелген) 2007 жылғы бұйрығының 1-тармағын 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (Х.Е. Досқалиев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В. Кулиничке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне (Х.Е.Досқалиев) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                  С. Баймағанбетов

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің  
2011 жылғы 30 наурыздағы
№ 134 бұйрығымен бекітілген

Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерiнiң уақытша
орналастыру орталығында болу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерiнiң уақытша орналастыру орталығында болуының осы ережесі (бұдан әрі- Ереже) «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және оралмандар мен олардың отбасы мүшелерiнiң уақытша орналастыру орталығында болу тәртiбiн белгілейді.
      2. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) жолдама - уәкiлеттi орган беретін оралман мен отбасы мүшелеріне Орталықта орналасу құқығын беретiн құжат;
      2) өздерiн оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерi (бұдан әрі - өтініш білдірушілер) - Қазақстан Республикасы егемендiк алған сәтте оның шегiнен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
      3) уақытша орналастыру орталығы (бұдан әрi - Орталық) - өздерiн оралман деп тануға ұсынылған адамдар мен олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын орыны;
      4) уәкiлеттi орган – Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы.

2. Өтiнiш білдірушілерді Орталыққа орналастыру

      3. Уәкiлеттi орган беретін жолдама нысандағы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш берушiнiң Орталыққа орналастыру үшiн негiз болып табылады.
      4. Жолдама өтiнiш білдірушінің нысандағы осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес өтiнiшi негiзiнде берiледi.
      5. Өтініш өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерiн тiркеу журналында (бұдан әрi - журнал) нысандағы осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес тiркеледi.
      6. Орталықта төсек-орынның болмауына байланысты өтiнiштердi қабылдаудан және оларды тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi.
      7. Өтінішті уәкілетті орган оны берген күні қарауы тиіс.
      8. Орталықта бос төсек-орындар болмаған жағдайда өтiнiш білдіруші уәкiлеттi орган қалыптастыратын журналда резервке тіркелетін өтініш беру кезектілігінің тәртiбiмен қабылданады.
      9. Орталықта төсек-орын босаған кезде уәкiлеттi орган Орталыққа кезектiлiк тәртiбiмен өтiнiш білдірушіге жолдама бередi.
      10. Жолдама алған кезде өтiнiш білдіруші Орталыққа үш күн iшiнде орналасады. Егерде өтініш білдірушілер көрсетілген мерзімді сақтамаған жағдайда, ол орналасу құқығын жоғалтады, бірақ бұл ретте оның орталыққа орналасуға қайтадан өтініш беру құқығы сақталады.

3. Өтініш білдірушілердің Орталықта болуы

      11. Өтiнiш білдірушілердің Орталықта болуы бюджеттік заңнамаға сәйкес республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді қаржыландыру есебінен егер заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      12. Өтініш берушілер:
      1) Орталықтың тұрғын үй және қосалқы үй-жайларын, төсек және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшiн өзге де керек-жарақтарды пайдаланады;
      2) Орталыққа орналасу және онда болу мәселелерi бойынша Орталық басшылығына арыздар, қолдаухаттар және өзге де өтiнiштер бередi;
      3) уәкiлеттi орган бекiткен, Орталықтың ішкi тәртiп ережелерiмен танысады және оларды сақтайды;
      4) олардың кінәсi бойынша Орталықтың мүлкіне келтiрiлген материалдық зиян үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершіліктер береді.
      13. Орталық:
      1) тұру үшiн берiлген үй-жайларды санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес ұстайды;
      2) Орталыққа орналастырылған өтініш білдірушілерді төсек керек-жарақтарымен, олардың уақтылы ауыстырумен қамтамасыз етеді.
      14. Орталыққа өтiнiш білдірушілерден басқа адамдарды орналастыруға тыйым салынады.
      15. Өтiнiш бiлдірушілер Орталықта болу тәртiбiн бұзған жағдайда Орталық уәкiлеттi органға олардың Орталыққа болу мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы ұсыныспен өтініш білдіреді.
      16. Уәкiлеттi орган өтініш білдірушілердің Орталықта болу мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысының негізділігіне тексеріс жүргізеді және оларды Орталықта қалдыру не болмаса шығару туралы бір жұмыс күні ішінде шешім шығарады.
      17. Өтініш білдірушілер оларға ұсынылған Орталықтың үй-жайын Орталықты оралман мәртебесiн алған күннен болмаса оралман мәртебесін алудан бас тартылған күннен бастап күнтiзбелiк 3 күн iшiнде босатады.

Оралмандар мен олардың отбасы
мүшелерiнiң уақытша   
орналастыру орталығында болу
ережесiне 1-қосымша  

Нысан           

N _______ ЖОЛДАМА

      Уақытша орналастыру орталығына орналастыру үшiн жолданады.
_____________________________________________________________________
                          (Т.А.Ә., туған күнi)
Отбасы мүшелерi:
1. __________________________________________________________________
         (Т.А.Ә., туған күнi, туыстық дәрежесi)
2. __________________________________________________________________
         (Т.А.Ә., туған күнi, туыстық дәрежесi)
3. __________________________________________________________________
         (Т.А.Ә., туған күні, туыстық дәрежесi)
4. __________________________________________________________________
         (Т.А.Ә., туған күнi, туыстық дәрежесi)
5. __________________________________________________________________
         (Т.А.Ә., туған күнi, туыстық дәрежесi)
6. __________________________________________________________________
         (Т.А.Ә., туған күнi, туыстық дәрежесi)

      __________ облысы
      Ішкі істер департаменті
      Көшi – қон полициясы
      басқармасының бастығы /__________/ ___________________
                                          (берілген мерзімі)

Оралмандар мен олардың отбасы
мүшелерiнiң уақытша    
орналастыру орталығында болу
ережесiне 2-қосымша  

Нысан         

___________ облысы / қаласы              
Ішкі істер департаменті                  
Көші-қон полициясы басқармасының бастығына
__________________________________________
(Өтініш білдірушінің Т.А.Ә)      

Өтiнiш

      Сiзден мені және саны «__» адамнан тұратын менің отбасы мүшелерімді Уақытша орналастыру орталығына орналастыруыңызды сұраймыз.

      ______________                               __________________
         (күнi)                                          (қолы)

Оралмандар мен олардың отбасы
мүшелерiнiң уақытша   
орналастыру орталығында болу
ережесiне 3-қосымша  

Нысан          

Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін Уақытша
орналастыру орталығындағы тiркеу ЖУРНАЛЫ

N р/с

Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.

Туған жерi және күнi

Шыққан елi

Жолдаманың нөмiрi және берiлген күнi

      ________ басталды
      ________ аяқталды


Дата вступления в силу:  26.04.2011
Дата изменения акта:  28.10.2011
Дата принятия акта:  30.03.2011
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2011 жылғы N 17 (тираждың шыққан уақыты 14.11.2011)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103003000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  58903
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  134
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  001002004000 / 001008000000
Форма акта:  ПРИК / ПОЛ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz