"Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында 2010-2011 оқу жылының басталуы туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 16 шілдедегі № 386 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2011 жылғы 17 наурыздағы № 98 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 18 наурызда № 6830 тіркелді

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін ұйымдарында 2010-2011 оқу жылының басталуы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 16 шілдедегі № 386 бұйрығына мынадай өзгертулер енгізілсін:
      1-тармақта:
      төртінші абзацында:
      «12 күн» сөздері «13 күн» сөздерімен;
      «1» саны «2» санымен ауыстырылсын.
      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Б. С Кәрімжанов):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                            Б. Әбдірәсілов