Аудандық мәслихатының 2009 жылғы 4 наурыздағы N 15-7 "Казталов ауданында біржолғы талондардың құнын және жекелеген салық төлем ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 мамырдағы N 28-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 21 маусымда N 7-8-112 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қазталов аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 5 ақпандағы № 10-9 шешімімен.

      Ескерту.Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қазталов аудандық мәслихаттың 2013.02.05 ақпандағы № 10-9 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 422 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық мәслихаттың "Казталов ауданында біржолғы талондардың құнын және жекелеген салық төлем ставкаларын белгілеу туралы" 2009 жылғы 4 наурыздағы N 15-7 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-8-86 тіркелген, 2009 жылғы 6 сәуірдегі аудандық "Ауыл айнасы" газетінде N 15 санында жарияланған) шешіміне төмендегіше өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 3 қосымшада:
      "4 Боулинг (кегельбан)
         ойнау үшін жолы             бір ойын жолы   5"
      деген 4-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:
      "6 Карт                        бір карт көлігі 2".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                    Н. Досаханов
      Аудандық мәслихат хатшысы          Е. Газизов