Зеленов аудандық мәслихатының 2008 жылғы 3 қыркүйектегі N 8-4 "Зеленов ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 31 наурыздағы N 21-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 7 сәуірде N 7-7-105 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 сәуірдегі N 3-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2012.04.19 N 3-3 Шешімімен

      Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып және нормативтік құқықтық актілерін қолданыстағы заңнамаларға сәйкестендіру мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Зеленов аудандық мәслихаттың "Зеленов ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2008 жылғы 3 қыркүйектегі N 8-4 шешімнің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-7-72 тіркелген және 2008 жылғы 18 қазанында "Ауыл тынысы" газетінің N 42 жарияланған) кіріспесінде "Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 53 бабы 1 тармағының 4) тармақшасын" деген сөздер "2008 жылғы 4 желтоқсандағы N  95 Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4) тармақшасын" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  Т. Залмуканов
      Аудандық мәслихат хатшысы        В. Шохина