2010 жылғы 3 наурыздағы N 18-9 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 19 мамырдағы N 20-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 10 маусымда N 7-3-98 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 18 сәуірдегі N 3-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаттың 2012.04.18 N 3-6 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бөрлі аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2010 жылғы 3 наурыздағы N 18-9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  N 7-3-91 тіркелген, 2010 жылғы 9 сәуірдегі "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінде N 29 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  Н. Шиганакова
      Аудандық мәслихат хатшысы        И. Измағамбетов