Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 05 маусымдағы N 793 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 07 шілдеде N 5-17-132 тіркелді. Күші жойылды (Ұлан ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 07 мамырдағы N 04/04-20-1940 хаты)

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Шолаққайынды ауылы Мир көшесінің тұрғындарының пікірін ескере отырып және "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4)тармақшасына және де 2010 жылдың 23 сәуірдегі Шолаққайынды ауылының Мир көшесінің тұрғындарының хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1.Шолаққайынды ауылындағы Мир көшесі Байдосов Тоқтарқұл атындағы көше болып өзгертілсін.
      2.Осы шешімнің орындалуы Тереңөзек ауылдық округі әкімінің бас маманы Алпысбай Дорменовке жүктелсін.
      3.Осы шешім Әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі                                 М.Мусаев