Түлкібас аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 26/1-04 "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2010 жылғы 19 тамыздағы N 34/1-04 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 тамызда N 14-14-114 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Әділет басқармасының 2011 жылғы 23 мамырдағы N 1736/02 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012.05.22 № 07-3/1839 Хаты.

       Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Орман кодексінің 15-бабының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың облыстың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына 2010 жылдың 31 қазанына дейін тыйым салынсын.
      2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі ормандарды өрттерден күзетуді және қорғауды ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары І.Өмірзақовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс Әкімі                               Е.Сағындықов