Сарыағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 30-196-IV "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 25 мамырдағы N 37-246-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 мамырда N 14-11-123 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2011 жылғы 16 мамырдағы N 126 хатымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің жұмысшыларына еңбек сіңірген жылдары үшін пайыздық үстемеақы белгілеудің тәртібі туралы ережелерді қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2002 жылғы 23 сәуірдегі № 177 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1892 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2002 жылғы 23 сәуірдегі № 177 бұйрығын жою туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 147 бұйрығы жойылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің бастығы осы бұйрық туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігін хабардар етсін.
      4. Бұйрық жекелеген әскери бөлімге дейін жеткізілсін.

                                                 Ә. Жақсыбеков