Ордабасы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 қаңтардағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы" N 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 4 маусымдағы N 282 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 шілдеде N 14-8-84 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 19 қазандағы N 365 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2011.10.19 N 365 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 31 наурыздағы «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» № 259 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы» Ордабасы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 қаңтардағы № 30 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде 14-8-78 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 6 наурызда «Ордабасы оттары» газетінің № 11 (7003) санында жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      7-тармақта «еңбек ақы мөлшері» деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудан әкімі                                Ш.Кенжеев