Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 маусымдағы N 7-14с "Уәлиханов ауданы бойынша төлемдердің жеке түрдегі мөлшерлемесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 2 тамыздағы N 7-23с шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 тамызда N 13-13-128 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының 2015 жылғы 2 шілдедегі N 11-33с шешімімен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 наурыздағы № 177 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «011 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов