Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 - 2012 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы" N 106/22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 қыркүйектегі N 144/29 шешімі. Павлодар облысы Шарбақты аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 қыркүйекте N 12-13-113 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 шілдедегі № 1-35-112 хатымен

      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік табиғи қорығы аймағының аумағы 710 га азайтылсын.
      2. Маңғыстау облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген аумақтан жер учаскелерін «Өзен - Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желісінің құрылысына беруді қамтамасыз етсін.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов