Облыстық мәслихаттың (IV сайланған XXI сессиясы) 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" N 259/21 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2010 жылғы 26 қазандағы N 305/27 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 29 қазанда N 3173 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облыстық мәслихаты аппарат басшысының 2014 жылғы 03 қыркүйектегі N 1-11/560 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1084 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 91-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің № 1904 мемлекеттік Тіркелімінде тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 35, 684-бап) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың үшінші, төртінші абзацтары алынып тасталсын;
      Аталған бұйрықта бекітілген жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган туралы Үлгі жобасында:
      6-тармақтағы:
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Жұмыспен қамту және көші-қон департаменті (Д.Р. Арғындықов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республиканың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Г. Әбдіқалықова

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      ____________ Б. Жұмағұлов
      2010 жылғы 26 қараша

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ______________ Б. Жәмішев
      2010 жылғы 3 желтоқсан