Әкімдіктің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 105 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылды сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдаст

Қостанай облысы Денисов ауданы акімдігінің 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 260 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 1 қазанда № 9-8-160 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 347 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010.12.29 № 347 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің "Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 105 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-8-155 болып тіркелген, 2010 жылғы 21 мамырдағы "Наше время" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      2 тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          М.Мұратбеков